Ақмола облысының жастары парасаттылық идеологиясын ілгерілетуде

Ақмола облысының жастары парасаттылық идеологиясын ілгерілетуде

Білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында «Antikor ortalyǵy» сервистік ғимаратының алаңында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл департаментінің басшылығы, «Ақмола - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Самира Тайтенова мен облыстың студент жастары – «Саналы ұрпақ» ерікті клубтары өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.

Бейресми кездесу барысында аумақтық Департамент басшысы Мұрат Төлеубаев Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым бағыттары туралы айтып, жас ұрпақты адалдық пен парасаттылыққа шақырды.

«Бүгін сіздер – студенттер, ал ертең түрлі қызмет салаларының мамандары боласыз. Еліміздің одан әрі гүлденуі мен табысты дамуы Сіздің қазіргі белсенді қоғамдық ұстанымыңызға және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігіңізге байланысты болады. Сондықтан, студент жастарды қоғамымыздың ең мобильді және белсенді бөлігі ретінде шетте қалмауға және сыбайлас жемқорлықты бүкіл қоғамның проблемасы ретінде сезінуге ғана емес, сонымен қатар басқа азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыруға қатысуға шақырамын. Осы орайда, «Саналы ұрпақ» жобасын іске асыруды ақпараттық қолдау бойынша жұмысты бірлесіп күшейту қажет», - деді Мұрат Төлеубаев жастар аудиториясына арнаған сөзінде.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру және «Адалдық алаңы» жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жүргізіп жатқан жұмыс туралы Самира Тайтенова айтып берді.

Ағымдағы жылдың басында Департамент, жобалық кеңсе және өңірдің жоғары оқу орындары арасында «Саналы ұрпақ» жобасын бірлесіп іске асыру арқылы сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік құру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумдарға қол қойылды. Осы жоба шеңберінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша түрлі кездесулер, конкурстар, акциялар, дебаттар, челлендждер, брейн-рингтер, әлеуметтік сауалнамалар, адалдық сағаттары және басқа да іс-шаралар өткізіледі.

Қатысушылар академиялық адалдықты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қамтамасыз ету мәселелерін талқылады, өз пікірлерін білдірді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылықты арттыру мен білім беру ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді енгізу бойынша бірқатар бастамашыл ұсыныстар енгізді.

Кездесу соңында Департамент басшылығы жастарға белсенді қоғамдық ұстанымдары үшін алғыс білдіріп, қатысушыларға жаңа идеялар мен бастамалардың табысты жүзеге асуын тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықты жалпы қабылдамауды қалыптастыруға бағытталған «Саналы ұрпақ» жобасын іске асыру мақсатында облыстың білім беру мекемелерінің базасында ерікті студенттік және мектеп клубтары жұмыс істейді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив