Мұрат Төлеубаев: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - біздің ортақ ісіміз»

Мұрат Төлеубаев: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - біздің ортақ ісіміз»

         Көкшетау қаласында Ақмола облысының басшысы Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуді күшейту тақырыбына арналған облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлескен кеңейтілген кеңес өтті, оған облыс активі, аудан және қала әкімдері қатысты.

         Отырыста сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша мемлекеттік органдар жүргізіп жатқан жұмыстар туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бойынша 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру барысы туралы мәселелер қаралды.

         ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев кеңесте сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны орындау бойынша жүзеге асырып жатқан іс-шаралары туралы отырыс қатысушыларын хабардар етті.

         Айта кету керек, бүгінгі таңда Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметінің басым бағыты сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. Осы орайда, Департамент мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, бизнес пен инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау, Арнайы мониторингтік топ, ақпараттық-ағартушылық штаб жұмысы, «Ақмола – адалдық алаңы» жобасы аясында азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл сияқты бірқатар іс-шаралар өткізуде.

         «Өңірде 306 адалдық дүкені ашылды және жұмыс істейді. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда барлығы 56 space, front office кабинеті ашылды. 723 мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бірінші басшылары ғимараттың бірінші қабаттарына көшірілді. Алайда, өткізілген іс - шараларға қарамастан, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық санының статистикасы өз цифрларымен әсер етеді, сондықтан мемлекеттік органдар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап, азаматтық қоғамды кеңінен тарту арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмысты күшейтуі қажет», - деп атап өтті Департамент басшысы Мұрат Төлецбаев.

         Облыс әкімінің орынбасары, «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің кураторы Қанат Ыдырысов баяндама жасай отырып, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалық актілерді орындау мақсатында 2020 жылы облыстық және аудандық әкімдіктер арасында жасалған меморандумға бағынышты тұлғалардың сыбайлас жемқорлық қылмыс жасауына жол бермеу бойынша көрсеткішті енгізу қажет екенін атап өтті.

         Кездесу қорытындысы бойынша Ермек Маржықпаев аудан және қала әкімдеріне, басқарма басшыларына бағынышты қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмысты жалғастыруды, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын құруды, сондай - ақ азаматтардың мәселелерін қарау үшін «Ақмола-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің алаңын пайдалануды тапсырды.

 

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив