ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕДИАЦИЯ КЕҢЕСІНІҢ ОНЛАЙН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕДИАЦИЯ КЕҢЕСІНІҢ ОНЛАЙН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

         2020 жылғы 15 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде онлайн форматта Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Медиация кеңесінің отырысы өтті.

Іс-шараның мақсаты – медиацияны және дауларды шешудің балама тәсілдерін дамытуға, медиация саласындағы жаңа мемлекеттік саясатты әзірлеуге жәрдемдесу. Медиация институтын және дауларды баламалы шешуді нығайту бойынша тұрақты жұмыс істейтін диалог алаңын құру.

Тәжірибе көрсеткендей, медиация дауларды (жанжалдарды) шешудің тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Медиацияның басты артықшылығы - жылы, достық қарым-қатынасты сақтай отырып, дауды сотқа дейін реттеу.

Қазақстан халқы Ассамблеясы - Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімнің басты үйлестірушісі, оның стратегиясындағы негізгі бағыт қақтығыстардың алдын алу мен болдырмауды анықтайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚХА республикалық Медиация кеңесінің төрағасы Наринэ Микаелян хабарлады.

«Медиация институты бүгінгі күні әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде АҚШ-та, Германияда, Ұлыбританияда, Австрияда, Жапонияда, Қытайда, Гонконгта, Кореяда, Үндістанда және т.с.с құрылып, сәтті жұмыс істеуде, Сонымен қатар бірқатар елдерде медиация оны заңнамалық реттеуі мақсатқа сай, кейде қажет болып қалатындай сұраныс деңгейіне жетті.

Шет елдердің оң тәжірибесі азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау деңгейін арттыруға бағытталған дауларды шешудің баламалы тәсілдерінің бірі ретінде Қазақстанда медиация институтын дамыту мен қолданудың болашағы бар екендігін көрсетеді», - деді ол.

Отырыс барысында баяндама жасағандар қатарында:

«Татуластыру рәсімдерін дамытудағы соттардың рөлі» тақырыбында ҚР Жоғарғы Сотының судьясы, ҚХА республикалық Медиация кеңесінің мүшесі Сүлейменова Ұлбосын Аждарқызы;

«Mediation as a specialized profession» («Халықаралық тәжірибе. Медиация- мамандық ретінде мамандандырылған») тақырыбында Голландиялық медиаторлар тіркелімінің төрағасы, Нидерланды бизнес-академиясының ректоры, профессор (Нидерланды) Ян ванн Звитен;

«Медиация саласындағы сертификаттау» тақырыбында ҚХА республикалық Медиация кеңесінің мүшесі, PhD докторы, PDFs постдокторанты (Әулие Климент Охридский атындағы Университет, София қ., Болгария), ОО «International  Bureau Of Accreditation And Certification» директоры Нарбаева Гүлмира Кенжебулатқызы;

«Медиация-сыбайлас жемқорлықсыз қоғамды дамытудың негізі» тақырыбында ҚХА республикалық Медиация кеңесінің мүшесі, Түркістан облысы «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинетінің меңгерушісі, «Медиатор» журналының бас редакторы Кенжеқұлова Дана Ақәділқызы;

Іс-шараға сондай-ақ ҚХА мүшесі, Қазақстандағы «Вайнах» шешен-ингуш халықтарының мәдениетін дамыту қауымдастығы» ЗТБ мүшесі, кәсіби медиатор Юсуп Келигов, ҚХА мүшесі, «Өзбек этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, жаттықтырушы-медиатор Шерзод Пулатов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті Қазақстан халқы Ассамблеясымен өзара іс-қимыл басқармасының басшысы Динара Жұманова, ҚХА республикалық Медиация кеңесінің мүшесі, министрліктер мен өңірлік медиация орталықтарының өкілдері, кәсіби және қоғамдық медиаторлар қатысты.

Жалпы, жиын барысында Қазақстандағы медиация институтын одан әрі дамытудың өзекті мәселелері талқыланып, соттардың бітімгершілік рәсімдерін дамытудағы рөлі мен Нидерландыдағы медиаторлардың жұмысы қарастырылды және ҚХА республикалық Медиация кеңесінің ережесі бекітілді.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив