КОМПЬЮТЕРЛЕРДІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАРҒА САЙ БОЛУЫ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУДА

КОМПЬЮТЕРЛЕРДІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАРҒА САЙ БОЛУЫ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУДА

«Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі М. Бахыт Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының қоймасына барды. Қоймада Үкімет резервінен бөлінген ақшаға сатып алынған 530 дана компьютер жабдықтары және одан бөлек Өскемен қаласындағы облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейінде 2730 дана компьютер жабдықтары сақталған. Оларды онлайн-оқытуға қажетті келісім-шартта көрсетілген сипаттамаларға сәйкестігін тексеру үшін ІТ-технологиялардың жетекші мамандары тартылды. Әрбір программист өзі тексерген компьютердің талаптарға сай екенін растап актіге қол қояды және ол үшін жауапты. Қоймадағы компьютерлерді жобалық кеңсе жетекшісі қарап, олардың техникалық ерекшеліктеріне байланысты сәйкестігі мен сапасына қоғамдық мониторинг жүргізді.

Айта кеткеніміз жөн, мектептегі компьютерлік техника облыс оқушылары мен педагогтарына уақытша пайдалануға беріледі. Өңір оқушыларын қашықтықтан оқыту үшін республикалық бюджеттен 26 509 компьютерлік техника сатып алуға 4,1 млрд қаражат бөлінді.

«Бүгінде облыста үйде компьютерлік техникасы жоқ 23 мыңнан астам оқушының тізімі жасалған. Қазір оларға мектептерде бар компьютерлер үлестіріліп берілген»,-дейді ШҚО Білім басқармасының басшысы С. Жумадилова

 Бұл үдерістің ашықтығын аймақтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мен «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері кіретін арнайы жұмыс комиссиясы қадағалайтын болады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив