А.Күрішбаев: Университеттерде өзгеріс болмаса мемлекеттік гранттың қаражаты құмға сіңгендей болады

А.Күрішбаев: Университеттерде өзгеріс болмаса мемлекеттік гранттың қаражаты құмға сіңгендей болады

 

      Еліміздің жоғарғы оқу орындарындағы маман даярлау жүйесін өндірістің қажеттілігі тұрғысынан қайта қарау қажет. ҚазАТУ ректоры Ақылбек Күрішбаев осындай пікір білдірді деп хабарлайды ҰАҒБО (Ұлттық Аграрлық Ғылыми Білім беру Орталығы ) баспасөз қызметі.

А.Күрішбаевтың айтуынша, ҚР президенті бюджет тапшылығына қарамастан мемлекеттік білім беру гранттарының бағасын ұлғайту туралы шешім қабылдады. Бұл білім беру жүйесіне қосымша ондаған миллиард теңге жұмсалуына мүмкіндік береді.

«Халықтың: «Бұдан жоғары оқу орындарында мамандар даярлау сапасы жақсара ма?» деп сұрауына толық құқы бар. Университет ректоры ретінде мен Мемлекет басшысының оқу құнына байланысты ертеден келе жатқан жүйелі мәселені шешкеніне қуаныштымын. Өйткені қазіргі заманғы маманды, мәселен, болашақ биотехнологтар немесе ветеринарларды жылына 349 мың теңге (!) қаржыға сапалы дайындау мүмкін емес қой» - дейді А.Күрішбаев.

Ректордың айтуынша, пандемия мен экономикалық дағдарыс кадрлар даярлаудағы мемлекеттік саясаттың кемшіліктері мен қателіктерінің бетін ашты.

«Елімізде адами капиталды дамыту үшін барлық мүмкіндіктерге ие бола отырып, осы жылдар ішінде біздің жоғары білім беру жүйесін заманауи деңгейге жеткізе алмағанымыз, өз мемлекетімізде «Болашақ» бағдарламасын іске асыруға қауқарсыз болғанымыз өкінішті. Бірақ жасауға болатын еді (!).

Біз мұнайлы ел бола тұра, мамандарды даярлау деңгейі бойынша Белорусь елінен де (басқа дамыған елдерді айтпағанда) артта қалып отырмыз» - деп атап өтті ҚазАТУ ректоры.  

Сонымен бірге, А.Күрішбаев егер еліміз жоғары оқу орындарында кадрлар даярлаудың қолданыстағы жүйесін дамыған елдердегі сияқты өндіріс қажеттіліктеріне, жұмыс берушінің сұранысына қарай қайта бағдарламаса, осы бөлінген халықтық ақшаның «құмға сіңген судай» болатынын айтады. «Ол үшін біздің университеттік жүйеде көп нәрсені өзгерту керек...» - дейді Ақылбек Күрішбаев.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив