Төтенше жағдай кезеңіндегі ТарМПУ оқу төлемақысының тәртібіне өзгерістер енгізді

Төтенше жағдай кезеңіндегі ТарМПУ оқу төлемақысының тәртібіне өзгерістер енгізді

«Төлемақыны төлеу тәртібі төтенше жадайларға байланысты табысынан айырылған отбасынан шыққан студенттер үшін жаз айларына жылжиды». Дәл осылай деп Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялық қызметінде өткен брифингте Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Ержан Әмірбекұлы мәлімдеді.

 

Төтенше жағдай кезеңіндегі қашықтан білім алу процесі жүйелі түрде ұйымдастырылып келе жатыр. Осы уақыт ішінде университет студенттерінің тарапынан біршама сұрақтар қойылып, кері байланыс процесі жүзеге асырылды.

Қашықтан білім алу жағдайында біршама студенттер төлемақы тәртібі турасындағы сауалдармен жүгінеді. Осыған байланысты университет ректоры Ержан Әмірбекұлы: «Қазіргі таңда жұмыстарынан қысқартылған немесе кәсіпорындарда қызмет жасап, бүгінде табыс көзінен айырылған ата – аналар бар. Бірқатар студенттеріміз де қосымша жұмыс жасап, өз оқу ақыларын өздері өтеп жүр. Мұндай студенттердің категориясына да біз әлеуметтік жағдайды ескере отырып, мемлекет басшысының салиқали саясаты мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұстанып отырған ұстанымдарының негізінде, төлемақыны кейінгі шегеруге шешім қабылдадық. Бастапқы ережеге сәйкес студенттер сессия уақытына дейін төлемақыны толық төлеу керек. Алайда, төтенше жағдайға байланысты, расында да табыс көзінен айырылған отбасыдан шыққан студенттер болса, студенттің жеке жағдайларын негізге ала отырып, төлемақыны жаз айларына қалдыруды қамтамасыз етеміз» - деп,  түйіндеді.

Атап кетсек, ҚР Білім және ғылым министрлігінің емтихан тапсыру және дипломдық жұмыстарды қорғау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар әзірленген. Бұл құжат студенттер тарапынан қойылатын көптеген өзекті сұрақтарға жауап береді.

 

Тармпу баспасөз қызметі


 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив