«КОНСТИТУЦИЯ»

«КОНСТИТУЦИЯ»

Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. Осыдан 25 жыл бұрын, яғни 1995 жылдың 30 тамыз күні Қазақстан Республикасының  Конституциясы қабылданды. Бұл күнде Конституцияның мазмұны, қазіргі таңдағы жаңа өмір құрудағы мақсаттары, жаңа мемлекеттің демократияға ұмтылысы, азаматтық - құқықтық ортаға байланысы туралы көп  нәрсе  айтуға  болады. Аз ғана уақыт ішінде Конституцияның жеткізген жетістіктері көп. Түп тамырымен қоғам өзгерді, адамдардың менталитеті, олардың  өмір  сүру  ортасы,  санасы,  мәдениеті  қайтадан  дамыды. Халықтың қоғамдық белсенділіктері артты. Адамдардың азаматтық ұстанымы оянды, еркін сайлауға қатысып, референдум, бизнеске, сонымен қатар, жоғарғы  қоғамдық  дамуға  қарай  ұмтылды.

         Бұрын адамдардың билікке қатынасы төмен болса, қазір ол бұрынғыдан белсенді бола түсті. Халық өзінің бүгіні мен ертеңіне қатты сенеді. Өздерінің таңдауларына сенімді. Конституция жай ғана декларация емес, халықтың  нағыз  саяси-құқықтық  еркіндігі.

         Қазақстандық патриотизм Конституцияның маңызды принциптері болып бекітілді, жастарды жаңаша тәрбиелеуге өз ықпалын тигізді. Ешкім де оның дұрыстығына күмәндана алмайды. Әрбір Қазақстан азаматы өзінің Атамекенін  қорғауға, сүюге  міндетті.

  1995 жылы қабылданған Республика Конституциясы алдыңғы  Конституциядан көптеген айырмашылықтарымен ерекшеленеді. Конституция адам құқығын қорғау заңын қалыптастырды және еліміздегі құқық  қорғау  мәселесін  көтеруге  ұмтылдырды. Конституция мүдделерінің мемлекеттік биліктің заңдылық, атқарушылық және сот жүйесі болып бөлінуіне байланысты олардың бірігіп жұмыс жасауы, екінші жағынан, олардың тәуелсіздігі болып табылады. Қазақстан Конституциясы заң шығарушы орган − екі палаталы Парламент құрды. Парламенттің жұмыс істеген жылдарында көптеген заң актілері, маңызды халықаралық актілер қабылданды. Бүгінгі еліміздің заң шығарушы органы – мемлекетіміздің құқықтық  дамуының  бірден-бір  нышаны.

         Еліміздегі өзгерістердің басында жігерлі күш пен Республикамыздың Ата Заңы тұрғанын ұмытпау керек. Оның негізін халықтың саяси еркіндігі құрап, ел  Конституциясының  жоғарғы  дәрежесін  көрсетеді. Заң – бәріне  ортақ. Әлеуметтік, қызметтік, мүліктік жағдайына, ұлтына, тіліне, наным-сенімі мен дініне қарамастан заң алдында бәрі тең және осы қағида қоғамның негізгі  ұстанымына  айналуы  үшін  тырысуымыз  қажет.

         Ата заң аясында әрекет ету − елдің дамуы мен азаматтық қоғамды қалыптастырудың кепілі. Оның негізгі қасиеті демократиялық даму мен құқықтық мемлекеттің принциптерін жүзеге асыруға септігін тигізеді. Біздің міндетіміз − мемлекетіміздің негізгі заңын бұлжытпай орындап, оны құрметтеу. Еліміздің Ата Заңы әрекетке қабілетті құжат, оның өзіндік кең ауқымды қоры бар, елдің құқықтық дамуын қадағалайды. Ата Заңға сәйкес қоғам  құрылып,  заңдар  дамып,  жаңарып  отыруы  керек.

         Соңғы жиырма бес жыл ішінде конституциялық құрылымға байланысты оң өзгерістер айқын көрінеді, қоғамдағы жастардың оған деген көзқарасы мен қызығушылығы арта түсті. Мерзімді баспасөз беттерінде жүздеген мақалалар жарияланды, жас заңгерлер мен саясаттанушылар Ата Заңға байланысты ғылыми  жоба  жазып  қорғай  бастады.

         Еліміздің Ата Заңы «Ең бастысы − адам құқығы» деген қағиданы ұстанады. Ата Заң мемлекеттің басты құндылықтарын, адам құқығын басты назарға алды. Негізгі орынға демократиялық еркіндік пен азаматтардың жеке көзқарасын  қойды.  Олардың  іскерлік бастамаларына мол мүмкіндік жасады.

         Конституцияның жетістіктерінің бірі – адам құқығы толық ескерілмеген, қорғалмаған декларациялардан бас тартуы. Ата Заңның «Адам және азамат» деген ІІ-ші бөлімінде бекітілген барлық заңдар егжей-тегжейлі қарастырылған. Ондағы заңдар адам өмірінің күнделікті өмірінде қолданысқа ие. Конституцияда көрсетілген заңдар жай ғана сөз емес, керісінше өмірлік тәжірибеден алынған жағдайлар. Кеңестік Конституцияда адам құқығы қарастырылмады, жай ғана сөз болатын. Онда шынайы өмір есепке алынбады. Мазмұны көңіл көншітпейтін, толық бекітілмеген декларацияны, шыны керек, ешкім қолдана алмады. Елбасы Заңда бекіткен адам құқығы мен бостандығы  оның  негізі  болып  табылады.

         Тәуелсіздігімізді алған кезде алдымызда құқықтық мемлекет құру, жаңа технологиялық негіздегі нарық құру сияқты шаралар тұрған болатын, ал қазір Ата заң орнығып, өзінің күшіне енгеннен кейін алдымыздағы мақсат − елімізді одан әрі көркейтіп, дамыту үшін ірі жоспарлар құру. Ата Заңның негізгі маңызын айтатын болсақ, дамыған демократиялық мемлекеттерде бірде бір адам өздерінің құқығы мен бостандығын Ата Заңсыз елестете алмайды. Басқаша айтқанда, олар күнделікті өмірде өздерінің құқығы мен заңдарын қорғау үшін Конституцияда бекітілген заңнамаларға жүгінеді. Конституция  осылайша  халыққа  қызмет  етіп, олардың  тірегіне  айналды.

         Соңғы жылдары Қазақстан саяси және экономикалық жағынан тұрақтанған, қаржы жағынан тәуелсіз елге айналды. Конституцияны қатаң сақтай отырып, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени-құқықтық негізін қалады. Конституцияда белгіленген бостандық пен адам құқығы, барлық декларациялар және басқа да нормалық актілер қатаң сақталған. «Құқылымын», «Сот төрелігі», «Менің конституциялық құқығым мен кепілім»  деген  сөз  тіркестері  қоғам  салаларында  өзіндік  мазмұнға  ие.

         Бүгінгі таңда азаматтардың құқығы мен бостандығын сақтау және қорғау жай ғана айтылған сөз емес, құқық қорғау саласындағы ұстанатын қағида. Біздің негізгі арманымыз: халықтың әл-ауқатын жақсарту, қауіпсіз қоғам құру, бейбітшілік заманда өмір сүру. Осы салиқалы мақсаттар Ата Заң барысында  шындыққа  айналуда.

         Тәуелсіз мемлекетіміздің өтпелі кезеңінде халыққа еңбекақы төлеу күрделі мәселе болса, қазір еліміз одан  да  күрделі  мәселелермен  айналысып  шешімін  табуда. Әлеуметтік  қамсыздандыру, медицина және білім салаларын қамтамасыз ету, жалақыны өсіру секілді игі шаралар осының дәлелі. Біздің әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріміз – Конституциямен тығыз байланысты  екенін  мойындағанымыз  жөн.

         Қазақстанның Ата Заңы – бұл мемлекеттік органдардың қайнар көзі. Ата Заң – қоғамдық өзара келісім мен азаматтардың теңдігінің нышаны. Конституция – біздің шынайы өміріміз бен әлемдік деңгейдегі беделіміздің айқын  көрінісі,  жарқын  болашағымыздың  кепілі. 

БҚО қылмыстық  істер  жөніндегі

мамандандырылған  ауданаралық

сотының бас маманы А.Тлемберлиева

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив