Конституция - еліміздің ата заңы

Конституция - еліміздің ата заңы

 

Еліміз тәуелсіздігін алған тұста Ата Заңның міндетін Қазақ КСР-ның 1978 жылы қабылданған Конституциясының ескірген нұсқасы атқарған болатын. Сол кездерде қоғамымыздағы жүргізіліп жатқан реформалар үшін бұл Конституция жеткілікті мөлшерде жауап бере алмады. Дүниежүзілік кеңістікте өз орнын табуға талпынған жаңа тәуелсіз мемлекет табысты түрде алға қарай жылжу үшін ескі құқықтық жүйенің заман талабына сай келетін жаңа негіздермен ауыстырылуын қажет етті. Қазақстанның алғашқы Конституциясын дайындап, талқылау кезінде еліміздің мемлекеттік-саяси құрылымының негізін қалайтын қағидаттарға байланысты саяси пікірталастар болды. Өтпелі кезеңді басынан өткеріп отырған елдің трансформациясының тез әрі ауыр өтуі жағдайды қиындата түскен еді. Конституциялық комиссия дайындаған Конституция жобасы Жоғарғы Кеңестің депутаттары тарапынан бірнеше күн бойынша жұртшылықтың алдында (талқылаулар теледидар арқылы бүкіл елге көрсетілді) талқыланғаннан кейін 1992 жылы 2 маусымда бірінші оқылымында қабылданды. Бір аптадан кейін жоба халықтың талқылауы үшін республикалық және облыстық газеттерде жарияланды. Конституция жобасын бүкілхалықтық талқылау 1992 жылдың желтоқсанына дейін жалғасты. 1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі жеке дауыс беру жолы арқылы көпшіліктің даусымен Қазақстан республикасының алғашқы Ата Заңын қабылдады. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемелекет екенін Конституциясымен бүкіл әлемге мойындатты. Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіз егемен мемелекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан акт болды.

        Конституцияның қабылдануы конституциялық құрылыстың құқықтық негізін қалады, мемлекеттік тетік және қоғамдық, саяси жүйенің негізгі принциптерін орнықтырды. Адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі. Конституция Қазақстан Республикасы дербес мемелекет ретінде ұлтына қарамастан онда тұратын барлық адамдардың еркіне сәйкес құрылды. Конституцияның алғы сөзінде «Біз ортақ тарихы бар  тағдыр біріктірген Қазақстан халқы...» деп жазылған сөйлемнің мағынасының тамыры өте тереңде екенін ұғуымыз керек.  Бұл құр босқа жазыла салған сөз емес. Себебі, Қазақстан халқының тарихи тағдырының бірлігі Қазақстан аумағында көптеген ұлт өкілдерінің ондаған жылдар бойы бірге тұруы нәтижесінде қалыптасты. Олар әр кезеңде әр түрлі жолдармен қоныс аударды. Қазақ халқымен бірнеше ұрпақтардың өміріндегі Қазақстанда болған саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени оқиғалардың қатысушылары мен куәгерлері болды. Олар бірігіп, өздерінің тәуелсіздігін қорғай отырып, жеңіс үшін майданда бірге ерлік көрсетті.

          Тәуелсіз Қазақстан Республикасы құрылғаннан кейін, Қазақстанның барлық азаматтары жаңа мемлекетті таныды. Сөйтіп, олар өткен кезеңдегі тағдырларының тарихи бірлігін іс жүзінде дәлелдей отырып, бірауыздан жаңа мемлекетті бірлесе құруға әзір екендіктерін білдірді.

         Қазақстан Республикасының Конституциясының идеяларын, принциптерін және нормаларын саяси, құқықтық жағынан талдау еліміздің экономикалық-әлеуметтік, рухани тұрғыда өсуіне серпіліс пен қуат беретінін көрсетеді.

     Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның құқығы мен бостандығын іске асыру, материалдық әл-ауқатты жақсарту, саяси тұрақтылық  пен қоғамдық келісімді бекітудің, құқық тәртібі мен заңдылықты орнықтырудың  сөзсіз шарты болып табылады.

     Жоғарыда айтылған ойымды түйіндейтін болсам, Конституция тек мемлекеттің ғана емес, қоғамның да Ата заңы болып табылады. Осы идеяның меншікке, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, қоғамдық бірлестіктерге, отбасына және тағы басқаларға қатысы бар екендігін ұмытпауымыз керек.

        Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі-өзінің егемен құқығын іске асырды. Сөйтіп, біз Конституцияда қаланған құқықтық мемлекетті және азаматтық қоғамды қалыптастыру жолын таңдап алдық.

         Әрине, Қазақстан халқының егемен құқығы тек Конституция қабылдаумен тиянақталып қалмайды. Ол мемлекеттің аса маңызды мәселелерін шешу үшін халықтың бойындағы барлық конституциялық-құқықтық мүмкіндіктерді де жинақтайды.

         Мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін талқылау және шешу кезінде әрбір құқықтық санасы жоғары азамат Конституцияда бейнеленген жауапкершілікті сезінуі қажет. Қоғамның бүгіні мен болашағы үшін, жалпы алғанда өз Конституциямызды құрметтеп, қорғап және маңыздылығын жоғалтпай сақтауымыз біздің, яғни әрбір Қазақстан Респулбликасындағы азаматтың міндеті мен парызы. Себебі, бұл Конституция - Қазақстан Республикасының Ата Заңы. 

 

 

Раманкулов Ч.

                                   Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сот приставы                                                                               

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив