«БІРЛІК» АЛТЫН МЕДАЛІН ТАПСЫРДЫ

«БІРЛІК» АЛТЫН МЕДАЛІН ТАПСЫРДЫ

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бас директоры Үмітхан Мұналбаеваға «Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалін тапсырды.

Мерейлі марапат ел Тәуелсіздігі мен халық бірлігін нығайтуға, мәдениетаралық қарым-қатынасты дамытуға, патриоттық сезімді қалыптастыруға елеулі үлесі қосқан азаматтарға Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен беріледі.

Жансейіт Қансейітұлы әріптестік қарым-қатынасы мен қолдауы үшін Үмітхан Дәуренбекқызына алғыс айтып, алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеуге сенім білдірді.

***

ӨМІРБАЯН

 

МҰНАЛБАЕВА ҮМІТХАН ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ

 

1959 жылы 1 ақпан Алматы облысы, Шелек ауданы, Қаратұрық ауылында туған, ұлты – қазақ, білімі – жоғары.

Орта мектепті бітіргеннен кейін, 1977-1979 жж. «Есік педагогикалық училищесі» бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша оқып бітірген.

1979-1981 жж. -Алматы қаласы, «Фрунзе ауданындағы №83 балалар бақшасында» тәрбиеші.

1981-1983 жж.-«Алматы қаласындағы №114 балабақшада» тәрбиеші қызметін атқарды.

1983-1988 жж.-«Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының» дефектология факультетін логопед-дефектолог мамандығы бойынша бітірген.

1996-1998 жж. – «Қырғыз Мемлекеттік университетінің» Заң факультетін заңгер мамандығы бойынша үздік бітірген.

1983-1992 жж. – «Алматы қаласындағы №77 орта мектепте» аға тәлімгер (1983-88жж), бастауыш сынып мұғалімі (1989-1993жж), директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (1989-1993 жж.) қызметтерін атқарды.

1992-1993 жылдар аралығында Қалалық «Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау институтының» тарих-география бөлімінің әдіскері, дефектология және психология, тарих бөлімінің меңгерушісі (1993 жыл).

1993-1996 жылдар аралығында Алматы облыстық әкімшілігінде «Тілдерді дамыту басқармасы» бастығының орынбасары, Облыстық әкімшіліктің «Тілдерді дамыту» бөлімінің бастығы.

1996-1998 жж - «Алматы облыстық Қазақстан халықтары Ассамблеясы хатшылығының» бас маманы қызметін атқарды.

1998-2001 жылдар аралығында ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде жетекші маман, кейіннен бас маман қызметін атқарды.

2001-2014 жылдар аралығында Астана қаласы әкімдігінің «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені» МКҚК-ның директоры.

2014 жылдан бастап қазіргі уақытта Мәдениет және спорт министрлігінің «Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханансы» РММ-нің бас директоры.

Ғылыми дәрежесі - педагогика ғылымдарының кандидаты (2004ж.), педагогика ғылымдарының докторы (2011жыл), Т.Жүргенов атындағы «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасы бойынша доцент академиялық атағы (2011 жыл), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры  академиялық атағы (2012 жыл) берілді, академик  (2012 ж.), ЮНЕСКО және ИСЕСКО жұмыстарының Ұлттық Комиссиясының мүшесі, ИКОМ Ұлттық Комитетінің төрайымы (2013 ж.).

 

***

2014 жылдан бастап кәзіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы болып қызмет атқарып келеді. Осы кезеңде Ү.Мұңалбаеваның ұйымдастыруымен Кітап мұражайы, «Абай» академиялық залы, «Конституция» залы, «Казақстан халықтары Ассамблеясы Залы», «Құнды тарту», «Жазушы», «Ғылым», «Академик Мырзатай Жолдасбеков мемориальдық топтамасы» оқу залдары, «Жазушы Әбіш Кекілбаев оқу залы», 2019 жылы «Ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Фариза Оңғарсынова атындағы медиаорталық» ашылды.   

2018 жылы жас оқырмандарды қолдау мақсатында «Балалар кітапханасы» ашты. Ү.Мұңалбаеваның бастамасымен «Оқырман қауым – Ұлы Дала Елінің болашағы» Халықаралық Оқу Конгресі (2015), «Әлем. ХХІ ғасыр. Оқу арқылы рухани үндестік пен мәдениетке» Халықаралық Кітапханашылар конгресі (2016), «Оқу әлеміндегі оқырман ұлт» Халықаралық Симпозиум (2017), «Заманауи әлемдегі оқу мәдениеті» ІІІ Халықаралық Оқу Конгресін (2018), «Ұлы дала руханияты және түркі әлемі» ғылыми-тәжірибелік конференциясы (2018), «Әбіш әлемі» Оқу Конгресі (2019) жоғары деңгейде өткізілді. ТМД қатысушы мемлекеттердің мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қоры «Достастық жұлдыздары» Халықаралық сыйлығын 2015 жылы берді. 2016 жылы британдық саяхатшы және Қазақстанды зерттеуші Томас Аткинсонның ұрпақтарының Қазақстанға келуін ұйымдастырып өткізді. Осы жылдары әлемнің 33 ұлттық және ірі көпшілік кітапханаларында «Қазақстанның мәдениеті мен әдебиеті орталықтары» ашылды. 2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаһандық әлемдегі заманауи Қазақстан мәдениеті» жобасы бойынша Қазақстан мәдениеті мен әдебиетінің халықаралық форумы Ұлыбритания, АҚШ, Корея және Германия елдерінде зиялы қауым өкілдерімен ұйымдастырды.              

2015 жылдан бері Қазақстан кітапханашыларының біліктілігін арттыру, кітапхана және кітапханашының позитивті имиджін қалыптастыру үшін «Кітапханалық туризм» жобасын іске асырып келеді. Ғылыми еңбектер: Халиди Құрбанғали Шығыстың бес тарихы = Тауарих – и хамса – и шарқи; Время чести: в 4 кн.;  Кітапхана педагогикасы: тарихы, теориясы, тәжірибесі; бірнеше библиографиялық көрсеткіштер, әдеби және  аудиодыбысты кітаптардың авторы мен құрастырушысы.

Умуткан Дауренбековна Муналбаева басшы ретінде ұйымдастыру қабілеті жоғары, қызметкерлермен жұмыс жасай біледі. Алда тұрған міндеттерді шешуге басшылық жасап қызметкерлерді шебер бағыттайды. Жастарды үнемі қолдайды. Ұжымда құрметке ие, мінезі салмақты, моральдық жағынан ұстамды. Ісіне адал қызметкер.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив