Елордадағы Достық үйінде халықаралық деңгейдегі бизнес-форум өтті

Елордадағы Достық үйінде халықаралық деңгейдегі бизнес-форум өтті

Бүгін, елордалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының «Орталық Азия мен Еуропалық Одақтың ынтымақтастығы: Қазақстан мен Литва мүмкіндіктері» атты Халықаралық бизнес-форумы өтті.

Форумға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев, Қазақстандағы Литва Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Гинтаутас Васюлис, Паневежис қаласының мэрі Ритис Рачкаускас, Нұр-Сұлтан қаласы инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмұрзаев, Литва Республикасынан келген құрметті қонақтар, елордалық кәсіпкерлер мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты.

«Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының кәсіпкерлер қауымдастығы алғаш рет Қазақстан мен Литваның іскер топтары арасында екіжақты форум өткізіп отыр. Қазіргі таңда біздің елдеріміз жылдан жылға дамып келе жатқан ортақ тарихпен және екіжақты ынтымақтастықпен нығайтылған тығыз достық байланыстарға ие. Қазақстан мен Литва арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жақсы базасы бар. Литва Қазақстанның ЕО елдеріндегі ірі сауда серіктестерінің ондығына және әлемдегі жиырма ірі серіктестерге кіреді», - деп атап өтті Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев.

Бағдарлама бойынша Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы таныстырылды. Сонымен бірге, қаладағы бизне қаладағы бизнес-құрылымдар қауымдастықтары туралы ақпараттар мәлімделіп, әріптестік мақсатында өзара тәжірибе алмасты.

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

8 пікір

  1. аватар
    Jdsqka 11 июня 2022 07:31

    buy ventolin inhalator online cheap - <a href="https://essayslw.com/">buy cheap essays online</a> dapoxetine 30mg without prescription

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив