АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев атап өткен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру және мемлекеттік органдардың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 3 маусым күні Ақтөбелік сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жергілікті билікпен бірлесіп Ойыл ауданы әкімдігі ғимаратында «Сервистік әкімдік» ашты.

Сервистік әкімдіктің ашылуына өңір басшысы Оңдасын Оразалин, Ақтөбе облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Мирлан Мұхамбетов, «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жанболат Тұртаев пен аудан әкімдігі тарапынан бірқатар лауазымды тұлғалары қатысты.

Ашылып отырған сервистік әкімдіктің басты мақсаты – атқарушы орандар қызметінің жариялылығын қамтамасыз ету, қызмет алушы азаматтарға қолайлы жағдай қалыптастыру және де шенеуніктермен байланыс кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің төмендету болып табылады. Аталмыш кабинетте әкімнің халықты қабылдауы күнделікті жұмыс уақыты барысында жүзеге асады.

Сонымен қатар, әкімшілік ғимараттың ішінде орналасқан «Азаматтарға арналған үкімет» порталын аудан тұрғындары өз беттерінше пайдаланып, мемлекеттік қызметтер ала алады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін бір ай бұрын орталық аудан әкімшілігі ғимаратында «OPENSPACE» форматындағы кабинет ашылған болатын. Оның мақсаты басшылардың халыққа қолжетімділігін қамтамассыз ету болып табылады.

Ерекше атап өтетіні, ағымдағы жылдың 6 наурызында Республикада ең алғашқылардың бірі болып Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимаратында әйнекпен көмкерілген «OPENSPACE» форматындағы кабинет ашылды. Атаулы кабинетте облыс әкімі, жергілікті атқарушы орган басшылары азаматтарды қабылдап, олардың мәселелерін ашық режимде шешетін болады.

Бүгін Ақтөбе облысы орталығының 4 әкімдігінде  «OPENSPACE» форматындағы кабинеттер ашылып, жұмыс жасауда (облыс әкімдігі, Ақтөбе қаласының, «Астана» және «Алматы» аудандарының әкімдіктері).

Жалпы облыста бүгінгі күннің өзінде 9 сервистік әкімдік және 63 «OPENSPACE» форматындағы кабинет жұмыс жасап келеді.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығы аяқталғанға дейін облыстағы аудан орталықтарында 7 «Сервистік әкімдікті» іске қосу жоспарланып отыр.

Жоғарыда аталған формата әкімдіктердің жұмысын ұйымдастыру әртүрлі санаттағы тұрғындар өмірінің салаларындағы, оның ішінде төтенше жағдай режиміне байланысты өзекті мәселелерге көмек пен жауап алуға мүмкіндік береді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив