ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі А. Балаева үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерімен кездесті

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі А. Балаева үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерімен кездесті

2020 жылдың 30 мамырында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі А. Балаева үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерімен кездесу өткізді, - деп хабарлады Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.

 

Кездесу барысында Министр белсенді азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін үкіметтік емес ұйымдардың рөлі маңызды екенін атап өтті.

Шара барысында әлеуметтік жобаларды іске асыруда сапасын арттыруға басты назар аударылды.

Іс-шарада ҮЕҰ өкілдерін әлеуметтік жобаларды іске асыруға тарту бойынша өзара іс-қимыл тетіктері, сонымен қатар, халықтың өзекті мәселелерін шешу бойынша түсіндіру жұмыстары қозғалды. 

Кездесуде «Ұлттық волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Татьяна Миронюк,  «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Динара Сәдуақасова, Ақниет «ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорының жетекшісі Әлім Шауметов, «Ақтөбе облысының ҮЕҰ Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Айгүл Дүйсенова, «Қазақстан Республикасының Ауғанстан және жергілікті соғыс ардагерлерінің одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шәріпбай Өтегенов сөз сөйледі.

Талқылауға барлығы 15 ҮЕҰ өкілдері қатысты. Іс-шараның қорытындысы бойынша Министр үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне белсенді азаматтық ұстанымдары үшін алғыс білдірді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив