Қазақстанда тұңғыш рет парасаттылық тақырыбындағы  мурал таныстырылды

Қазақстанда тұңғыш рет парасаттылық тақырыбындағы мурал таныстырылды

 

Алматыда әл-Фараби даңғылы бойында (Меңдіқұлов пен Достық көшелерінің арасында) «Алматы - Адалдық Алаңының» аясында «Өз еліңді бұзба» муралы салынды.

Жобаны қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, белсенділер мен қоғам қайраткерлері қолдады.

Бұл композиция азаматтарды адамгершілікке тәрбиелеуге, адалдық, әділеттілік және сатылмаушылық қағидаларын сіңіруге арналған.

Муралдың тұсаукесеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы Алик Шпекбаев қатысты.

Ол: «Жұмысты алдын алуға және парасаттылық жүйесін ілгерілетуге, адал және парасатты ұрпақ тәрбиелеуге, халықпен тұрақты кері байланыс орнатуға бағыттау керек. Азаматтарды тыңдап, оған құлақ асып, кез-келген мәселеге жедел ден қою қажет», - деп жобаның маңыздылығын атап өтті.

«Мұндай іс-шаралар халықтың санасын өзгертуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, адамгершілігі мол ұрпақ тәрбиелеуге арналған», - деді қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Нығмеджан Сапаров.

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жобаның бастамашысы ретінде азаматтарды жемқорлықпен бірлесіп күресуге шақырды.

Әр қазақстандықтың бұл іске атсалысуы құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында елдегі жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив