Ақмола облысының колледждерінде парасаттылық аптасы өтті

Ақмола облысының колледждерінде парасаттылық аптасы өтті

Ақмола облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының «Саналы ұрпақ» клубтарының жұмысын жандандыру, сонымен бірге, парасаттылық, адамгершілік, адалдық қағидаттарын ілгерілету мақсатында а.ж. 22-26 сәуір аралығында Департаменттің бастамасы бойынша өңір колледждерінде «Парасаттылық аптасы» акциясы өткізілді.

Апта аясында барлық колледждерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша дөңгелек үстелдер өтті, онда студенттер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың пайда болу себептері және олардың салдары, елде жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары туралы айтты. Сондай-ақ қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыру, зейнеткерлерге көмек көрсету, жоспардан тыс аумақты тазалау, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық көмек көрсету бойынша Волонтерлер күндерін, студенттер арасында парасаттылық, академиялық адалдық қағидаларын нығайту және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау мәселелері талқыланған ивент-алаңдар өткізілді.

Ал апта соңында колледж студенттерінің қатысуымен еліміздің прогрессивті, адал және бәсекеге қабілетті азаматының имиджін насихаттау мақсатында манекен-челлендждер, флэш-мобтар өткізіліп, бейнеүндеулер жазылды.

Өскелең ұрпақты тәрбиелеуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға зор үлес қосып келе жатқан «Саналы ұрпақ» клубтарының белсенділері өңір жастарына лайықты үлгі болып табылатынын айтып өту керек.

Апта аясында 13200 студенттің қатысуымен 165 іс-шара өткізілді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив