Қызылордада «Antikor ortalygy» ашылды

Қызылордада «Antikor ortalygy» ашылды

 

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Қызылорда облысына іс-сапары барысында өңір басшысы Қуанышбек Ысқақовтың қатысуымен Open Space форматындағы Антикор орталығының тұсаукесері өтті.

Орталықтың қызметімен Агенттіктің Қызылорда облыс бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов таныстырып, ашық кеңістікке өту мемлекеттік пен қоғам арасындағы қашықтықты қысқарту және мемлекеттік мекемелердің азаматтар алдындағы есептілігі мен қолжетімділігі жолындағы тағы бір қадам екенін атап өтті.

«Antikor ortalygy» азаматтарды толғандыратын мәселелер бойынша құқықтық көмек алу, сондай-ақ, жемқорлық індетін жоюға жұмылуға дайын жұртшылықтың бас қосатын орталығы болып табылады.

Орталықтың ашылуына қатысқан қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар өкілдері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, жергілікті ақпараттық үгіт-насихат штабы, арнайы мониторингтік тобының мүшелері атынан Мишукова Наталья орталықтың ашылуы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің халыққа жақындығы мен әрдайым ашық екендігін тағы бір мәрте көрсетіп отыр дей келе, қоғам белсенділерімен бірлесіп жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстары туралы баяндады. Оның айтуынша, азаматтық қоғам өкілдерінің бақылауын күшейту – жемқорлықты жоюға өз септігін тигізері анық.

Алик Шпекбаев: «Адалдық, парасаттылық, әділдік және сатылмаушылық қағидаттарына негізделіп жұмыс жүргізетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өз тарапынан азаматтар мен мемлекеттік институттарды жемқорлықтан қорғайтын ашық, кәсіби және тиімді құқық қорғау органы болу үшін аянбай жұмыс жүргізуде», – деп атап өтті.

Өз кезегінде Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов «мемлекеттік органдардың алдына халықтың барлық сауалдарына жедел және тиімді әрекет ету үшін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру қажет», деді.

Бүгінгі таңда парасаттылық идеологиясын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Сыр өңірінде осы идеологияның драйвері болып табылатын «Ақмешіт – Адалдық алаңы» аясында «Адал Ұрпақ», «Саналы Ұрпақ», «Парасаттылық мектебі», «Protecting business and investments» жобалары жүзеге асырылуда.

 

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив