«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА»  ҚОРЫНДА  ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҚОРЫНДА ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 

 

 «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ »АҚ-да жедел штаб отырысы өтті. Қордың Топ-менеджменті мен портфельдік компаниялардың басшылары күрделі халықаралық жағдайды ескере отырып, іске асырылған және әлеуетті тәуекелдерге жауап қайтару механизмін талқылады.

 «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов қазіргі жағдай барынша мобилизациялауды талап ететінін және портфельдік компанияларға бірқатар тапсырмалар бергенін атап өтті.

Қор басшысы шикізат нарықтарында қалыптасқан жағдай ұлттық валюта бағамының әлемдік резервтік валюталарға тұрақтылығына қысым жасағанын хабарлады. Сонымен қатар, әлемде коронавирустың таралуы жалғасуда, бұл экономиканың кейбір салаларына әсер етеді.

А. Есімов «ҚТЖ «ҰК» АҚ жүк транзиті бойынша жоспарларын орындауға коронавирустың тигізген ықпалын атап өтті. Жолаушылар тасымалының төмендеуі де байқалады.  2020 жылдың 1 ақпанынан бастап ҚХР-дан (Алматы-Үрімші, Нұр – сұлтан-Үрімші) ТЖ хабарламасы тоқтатылды.

Әуетасымалдауда Эйр Астана АҚ-ның  Бейжің, Үрімші, Гонконг бағытындағы рейстері тоқтатылды, 1 наурыздан бастап Оңтүстік Корея, Баку рейстері қысқартылды.

«Қазпочта» АҚ-да коронавирустың 3 айлық әсерін ескере отырып, 2020-2024 жылдарға арналған Бизнес-жоспар түзетілді, Қытаймен пошталық алмасу тоқтатылды, 24 қаңтардан бастап "Қорғас" АЭА жабылды.

Барлық портфельдік компанияларға компаниялардың ұйымдық құрылымын толығымен қайта қарау тапсырылды. Ең алдымен, бұл өндірістік қызметшілер құрамы емес, әкімшілік басқару персоналына қатысты болуы керек.

Жекешелендірудің Кешенді жоспарының периметрін, дивестицияларды нақтылау, стратегиялық емес активтерден шығу жөнінде ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ағымдағы инвестициялық жобаларды іске асыруды жалғастыру тапсырылды.

Сондай-ақ Қор жанындағы Орталық штабқа апта сайын есеп бере отырып, әрбір портфельдік компанияда жедел әрекет ету жөніндегі жұмыс штабтарын құру тапсырылды.

 

 «Самұрық-Қазына»ҰӘҚ» АҚ

Қоғаммен байланыс және

маркетингтік коммуникациялар

 жөніндегі департаменті

 

Анықтама:

 «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы – дара акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын қор. Қор 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған және ол коммерциялық құрылым – инвестициялық холдинг саналады. Оның миссиясы - Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын көтеру және ұлттық экономиканы жаңғыртуға қолдау көрсету. «Самұрық-Қазына» өз миссиясын қоржындық компаниялардың ұзақмерзімдік құны мен тұрақты дамуын арттыру үшін оларды тиімді басқару арқылы, сондай-ақ ұлттық экономиканың басым секторларының дамуына каталитикалық инвестиция салу арқылы жүзеге асырады. Қор активі шамамен $68 млрдты құрайды. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобына мұнай-газ және көлік-логистика секторларының, химия және атом өнеркәсіптерінің, тау-кен кешендерінің, энергетика, машина құрастыру және жылжымайтын мүлік салаларының кәсіпорындары кіреді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив