Студенттердің сенімі - академиялық адалдықтың бейнесі

Студенттердің сенімі - академиялық адалдықтың бейнесі

 

 

Ақмола облысының жоғары оқу орындарында «AQMOLA – Adaldyq Alaṅy» жобалық кеңсесінің және «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» ЖҚ Ақмола облыстық филиалының қызметкерлерінің қатысуымен студенттердің өтініштерін жинауға арналған «сенім жәшіктерін» ашу рәсімі өтті.

Ш. Уәлиханов атындағы КМУ базасында өтініштерді алу барысында материалдық-техникалық базаны жақсарту, спорттық құрал-саймандарды толықтыру және басқа да мәселелерге қатысты бірқатар мәселелер белгіленді.

Өз кезегінде, аталған оқу орнының басшылығы жақын арада материалдық-техникалық базаны жақсарту бойынша жоспарланған шаралар, сондай-ақ келіп түскен шағымдар мен ұсыныстарды бірлесіп қарау туралы хабарлады.

Сонымен қатар, университет ректоры Марат Сырлыбаев қосымша «сенім жәшігін» орнатуға бастамашылық жасады. Осы жәшікке түскен өтініштерді ректор жастармен кері байланыс орнату мақсатында жастар қозғалысы көшбасшыларының қатысуымен Парасаттылық мектебі базасында қарауға дайын.

Сондай-ақ, «сенім жәшіктерін» ашу А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті және Гуманитарлық-техникалық академияның базасында да жүргізілді.

Білім беру мекемесінің базасында спорт залының жетіспеушілігі мәселесін А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің бір студенті өз хатында айтты. Өз кезегінде, ЖОО басшылығы келесі жылы жаңа студенттер үйін, спорт залдарын, сондай-ақ амфитеатрды пайдалануға беру жоспарланғанын мәлімдеді.

Айта кету керек, студенттердің оқытушылар құрамымен өзара әрекеттестігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің пайда болуына және объективті емес бағалауға шағымдар түскен. Осы мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.

Келіп түскен барлық өтініштер, олардың 30-дан астамы, арнайы журналда тіркеліп, міндетті түрде қаралатын болады.

«Қалай болғанда да, көптеген студенттер білім беру мекемелерінде кездесетін қандай да бір мәселелер туралы тікелей айта алмайды, сондықтан да осындай жемқорлыққа қарсы жәшіктердің болуы студенттердің сенімін орнықтыру және туындаған мәселелерді жою үшін мүмкіндік болып табылады»,-деді «AQMOLA - Adaldyq Alaṅy» жобалық кеңсесінің жетекшісі Самира Тайтенова.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы оқу жылының басында жатақханаларда, ЖОО ғимараттарының фойелерінде білім беру мекемелерінің жұмысы туралы объективті ақпарат алу, білім алушылармен, ата-аналармен және университет қызметкерлерімен тиімді өзара іс-қимылды ұйымдастыру, сондай-ақ академиялық адалдықты қалыптастыру аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мақсатында «сенім жәшіктері» орнатылған болатын.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив