ҚРКФ ұсыныстары Үкіметте қолдау тапты

ҚРКФ ұсыныстары Үкіметте қолдау тапты

Бүгін Кәсіптік одақтар федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов Премьер – Министр Асқар Маминнің төрағалығымен еңбек қатынастарын реттеу мәселелеріне арналған Үкімет отырысына қатысты.  Әлеуметтік-еңбек саласының  қазіргі жағдайы туралы ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов баяндады.

Ведомство басшысы әсіресе жалақы қарызы, ұжымдық еңбек дауларының алдын-алу, еңбек қауіпсіздігі және шетел жұмыс күшін тарту сияқты өзекті мәселелерге тоқталды.

         «Қазақстан Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде 2019 жылы «Еңбек нарығының тиімділігі» факторы бойынша Грузия (37), Ресей (62), Украина (69) және басқа да елдерді басып озып, 30-дан 25 орынға көтерілді»,-деп атап өтті Біржан Нұрымбетов.

Еңбек және халықты әлеуметтік қоорғау министрлігінің  мәліметі бойынша, соңғы 3 жыл ішінде еңбек инспекторлары прокуратура органдарымен бірлесіп еңбек және көші-қон заңнамасын бұзудың 930 фактісін анықтады, оның ішінде 25 кәсіпорында еңбекақы төлеудің сәйкессіздігінің 474 фактісі, 681 рұқсат қайтарып алынып, 393 шетелдік жұмысшы елден шығарылған. Биылғы жылы  еңбек дауларын шешу және алдын алу бойынша Кешендік жоспар бекітілген.

Еңбек министрі ұжымдық шарттарды бекітуді  күшейту арқылы еңбек дауларының алдын-алудағы  кәсіптік одақтардың рөлін атап өтті.

ҚРКФ кәсіпорындарда ұжымдық шарттарды бекітуді  заңмен міндеттеуді ұсынады

Кәсіптік одақтар федерациясының Төрағасы Ералы Тоғжанов Үкімет мүшелерін еңбек нарығын реттеу бойынша федерация қолға алып жатқан шаралармен таныстырып, оларды жетілдіруге қатысты бірқатар ұсыныстарын білдірді. Оның айтуынша, бүгінде республика бойынша 112 958 ұжымдық шарт бекітілген. Бұл елімізде жұмыс істейтін барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың санына (261000) шаққанда 43,3%.

Ұжымдық шарттар бекіту бойынша төмен көрсеткіштер, Шымкент қаласында - 4,8%, Маңғыстау облысында - 14,6%, Нұр-Сұлтан қаласында - 15,2%, Қарағанды облысында - 18,9% орын алып отыр»,- деп атап өтті Е.Тоғжанов.

Осыған орай ҚРКФ Төрағасы  жергілікті (облыстық) үшжақты комиссия отырыстарында кәсіпорындар мен ұйымдарда, соның ішінде шетелдің қатысуы бар кәсіпорындарда ұжымдық шарттың бекітілуі мәселесін жүйелі түрде қарастырып отыруды және меншік түріне тәуелсіз барлық ұйымдар мен кәсіпорындарда ұжымдық шарттарды бекіту механизмін заңнамалық тұрғыда бекіту мәселесін қарауды ұсынды.

Еңбек жанжалдары  және оны шешу жолдары

Ұсыныстардың тағы бір бөлігі еңбек жанжалдарының алдын-алу шараларына  қатысты болды. ҚРКФ Төрағасы даулардың себептері туралы шынайы ақпаратты талдау және оны шешу үшін тиісті шараларды әзірлеу, сондай-ақ еңбек нарығында еңбек қатынастары тараптарының өмірлік маңызды мүдделерін шектемейтін саясатты ұстану  қажет деп санайды.

Сонымен қатар, ол осы бағытта Еңбек кодексінің ұжымдық еңбек дауларын реттеуге қатысты нормасындағы кәсіподақтардың жұмысшылардың талаптарын жеткізу құқығына қатысты бөлігін жетілдіруді ұсынды.

      Ералы Тоғжанов атап өткендей, еңбек дауларының алдын-алу және шешу жұмыстарын жүзеге асыруда  мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында еңбек даулары мен қақтығыстардың себептерін анықтауға бағытталған зерттеу жұмыстарын жүйелі түрде өткізіп тұру,  жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, өңірлердегі әлеуметтік-еңбек жағдайына тұрақты мониторинг жүргізу жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ, әлеуметтік-еңбек жағдайының ағымдағы күйін талқылау, шараларды әзірлеу,салалық, жергілікті үшжақты комиссия отырыстарында және кезегімен Республикалық үшжақты комиссияда қарау да ықпал етеді.   

Сонымен қатар, жұмысшы мен жұмыс берушіні еңбек заңнамасы негіздеріне оқыту, келіссөздерді жүргізуге және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ресурсын тарта отырып еңбек дауларында ортақ  мәмілеге келуді үйрету ұсынылды.

Ералы Тоғжановтың айтуынша, кәсіптік одақтар федерациясы 2018 жылы Жоғарғы сотпен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, осы келісім аясында аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері базасында 17 Татуласу орталығы құрылған. Татуласу орталықтарында 3 мыңнан аса медиациялық рәсімдер өткізіліп,  2 мыңға жуық еңбек дауы оңтайлы шешілген.

Ералы Тоғжанов сонымен қатар, әлеуметтік әріптестермен бірлесе әлеуметтік шиеленістің алдын-алу және әлеуметтік-еңбек дауларын шешу бойынша Кешенді жоспар мен Біріккен іс-қимылдар жоспары (алгоритмі) қабылданғандығын айтты.  

Оның айтуынша, өңірлерде әлеуметтік әріптестердің әлеуметтік шиеленістің алдын алу және бақылау, жедел ақпарат алмасу бойынша  кешенді шараларының арқасында еңбек даулары бастапқы кезде қолма қол шешілуі  қамтамасыз етілді.

ҚРКФ өндірістік жарақаттарды төмендету шараларын ұсынады

ҚРКФ Төрағасының хабарлауынша, еліміздегі кәсіпорындардың көп бөлігінде  өндірістік жарақаттардың  деңгейі әлі де жоғары. «Қазақстанда жыл сайын өндірістік жарақат салдарынан 200-ден аса адам қаза табады. Осы ретте өлімге алып келген оқиғалардың 65%-дан астамы жұмыс берушілердің кінәсінен орын алып отыр»,-деді Ералы Тоғжанов. 

Осылайша ҚРКФ еңбек заңнамасын кәсіпорындарға еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу,  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға қатысты әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті арттыру, ҚР Еңбек кодексінде өндірістік кеңестерді міндетті түрде құру туралы норманы анықтау, өндірісте жазатайым оқиғалар мен кәсіби ауруларды есепке алу және бақылаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін әзірлеу арқылы жетілдіруді ұсынады.

Ералы Тоғжанов кәсіптік ауруларға ерекше тоқталып өтті.

«Мемлекетте 300 мыңнан аса адам қауіпті және зиянды жағдайда жұмыс істейді. Сонымен қатар кәсіби ауруларды бастапқы кезеңде анықтау, уақытылы медициналық көмек көрсету, кәсіпорындарда медициналық-санитарлық бөлімдер ашу жұмыстары төменгі деңгейде жүргізіліп отыр» деп атап өтті ҚРКФ басшысы.

 Кәсіптік ауруларды төмендету бойынша Ералы Тоғжанов осы мәселе бойынша талдау өткізу және ұсыныстарды әзірлеу үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құруды ұсынды.

ҚРКФ қарызды еңбек саласын заңмен реттеуді ұсынады

Кәсіптік одақтардың бірқатар ұсыныстары соңғы кезде біздің елде кеңінен қолданылып жүрген қарызды еңбекке қатысты болды.

ҚРКФ Төрағасы атап өткендей, бұл жағдайда негізгі өзекті мәселе елімізде  қарызды еңбек заңнама тұрғысында реттелмеуінен, жұмысшылардың құқығы бұзылып,өндірісте жазатайым оқиғаларға апарып соқтырады. Федерация басшысы  ҚР Парламент қарауындағы қарызды еңбек қатынастарын реттеуге қатысты заң жобасына ҚРКФ енгізген ұсыныстарды атап өтті. Бұл қарызды еңбекпен айналысатын жұмыскерлерге ұжымдық шарт ережелерінің  қолданылуы, жеке агенттіктерге қойылатын талаптарды күшейту туралы мәселелер. Сонымен қатар, зиянды, қауіпті еңбек жағдайларында қарызды еңбекті қолдануға ,тұрақты  жұмысты атқару үшін қарызды еңбек бойынша жалдамалы жұмысшыны жалдауға шектеу қоюды ұсынды.

Тоғжанов: «Ұлттық заңнамада халықаралық нормаларды қолдану жұмысшылардың құқықтық қорғалуы мен кепілін арттыруға мүмкіндік береді»

Ералы Тоғжанов Ұлттық заңнамада халықаралық нормаларды қолдану жұмысшылардың құқықтық қорғалуы мен кепілін арттыруға мүмкіндік беретіндігіне де тоқталып өтті.

Ол бірқатар құжаттарды атап айтқанда, «Ұжымдық сөйлесу арқылы ықпал ету туралы» 154 конвенцияны, «Ауыл шаруашылығындағы еңбек гигиенасы мен қауіпсіздігі туралы» 184 конвенцияны,  «Толық емес жұмыс уақыты жағдайындағы жұмыс туралы» 175 конвенцияны және «Мәжбүрлі немесе міндетті еңбек туралы» №29 конвенцияға хаттамасын ратификациялауды ұсынды.

Бұл ретте Ералы Тоғжанов «Әлеуметтік қамсыздандырудың төменгі нормалары туралы» 102 конвенциясы және «Дамыған елдерді ескере отырып төменгі еңбекақыны бекіту туралы» 131 конвенцияға   қосылу мүмкіндігін  қарастыру бойынша жұмыс тобын құру қажет деді.

Қазіргі таңда Қазақстан Халықаралық Еңбек Ұйымының  190 конвенциясының 24-ін бекіткен.

(Анықтама: Жақын шет елдерде ХЕҰ конвенцияларын ратификациялау көрсеткіштерін салыстыратын болсақ Ресейде - 75, Украинада - 71, Қырғызстанда - 53, Тәжікстанда - 50, Беларусьте - 49, Арменияда - 29 конвенция қабылданған).

       Үкімет басшысы Асқар Мамин үкімет отырысын қорытындылай келе Кәсіптік одақтар федерациясының ұсыныстарын қолдап, үкімет мүшелерін тиісті шараларды қабылдауды тапсырды.

        «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев және Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың біздің алдымызға қойған басты міндеттерінің бірі – кәсіпорындарда әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету, жұмыскерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау. Қазіргі таңда бұл салада тұтас заңнамалық база бар, үшжақты әлеуметтік әріптестік қарастырылған, қауіпсіздік техникасын сақтау және жарақаттануды азайту шаралары қабылданып жатыр – 10 айда 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға төмен», — деді А. Мамин.

           А. Мамин Үкімет мүшелерінің назарын еңбек мәселелерінде медиация кеңінен қолданылмай отырғанына аударды.

        «Әр еңбек дауын шешуге мемлекеттік органдар қатысады. Ал бұл мәселелер ең алдымен, жұмыс беруші мен жұмыскердің ортасында кәсіподақтардың араласуымен шешілуі керек», — деп Премьер-Министр.

Өндірістік жарақатты төмендету, өндірістегі жазатайым жағдайларды  болдырмау және алдын-алу, кәсіби ауруларды болдырмау  үшін қабылданған Жол картасын жүзеге асыру бойынша  сонымен қатар, Қазақстанның Халықаралық Еңбек Ұйымы (ХЕҰ)   Конвенцияларына қосылу мүмкіндіктері  және әлеуметтік-еңбек қатынастарындағы өзекті мәселелерді талқылау бойынша бөлек тапсырмалар берілді.

Естеріңізге салып өтейік: Әлеуметтік-еңбек қатынастарындағы өзекті мәселелер 23 қарашада Премьер-министр орынбасары Б.М. Сапарбаевтың қатысуымен РҮК көшпелі отырысында қаралған болатын. Сонымен қатар, бұл отырыста республикалық және өңірлік  үш жақты комиссияның жұмысын күшейту, еңбек шартын бекіту кезінде жұмысшылар құқығын қорғау, ауыр, қауіпті және зиянды жұмыстардағы жұмысшылар үшін зейнет жасын төмендету, өндірісте жарақат алғандарға өтемақы төлеу  (регрессниктер) мәселелері де қаралған болатын.  

ҚР Кәсіптік одақтар Федерациясының Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.