ҚРКФ басшысы Үкімет пен жұмыс берушілерді  әлеуметтік шиеленістерді азайту үшін бірлесіп  жұмыс атқаруға шақырды

ҚРКФ басшысы Үкімет пен жұмыс берушілерді әлеуметтік шиеленістерді азайту үшін бірлесіп жұмыс атқаруға шақырды

ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды.  

             ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Ералы  Тоғжановтың  өңірдегі екі күндік  жұмыс сапары  Қазақстанның Халық жазушысы, Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбіш  Кекілбаевтың  ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімімен басталды.

«Әбіш аға өзі еңбекқор еді және өз шығармаларын да еңбек адамына арнап жазатын. Бүгін міне сондай еңбекқор адамдардың арқасында Кекілбаев мүсінге айналып, еңбектің арқасында Әбіш ағаға арналған зәулім мұражай ашылып, зерттеулер жасалып, кітаптар шығарылып, театрда Әбіш жазушының шығармалары сахналанып жатыр. Осының бәрі абыз тұлғаны мәңгілік етуге арналған  игілікті істер, адам қолымен, адам ниетімен атқарылып жатқан еңбек»,- деді  Ералы Тоғжанов өз сөзінде. Қазақстан Республикасы  Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы мұражайды салуға ат салысқан еңбеккерлерге ризашылығын білдіріп, алғыс хаттармен марапаттады.

            Содан соң Ералы Тоғжанов  облыс әкімі Серікбай  Трұмовпен кездесті.

Облыс әкімі ҚРКФ төрағасына өңірге келген жұмыс сапарына сәттілік тілеп, жұмысшылардың мүддесін қорғап, жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасында дәнекер болу- кәсіподақтар қызметінің негізгі міндеттерінің бірі екендігіне тоқталды. Серікбай Тұрымовтың айтуынша, Маңғыстау облысының көптеген ірі кәсіпорындарында кәсіподақ ұйымдары жұмыс істейді. Облыста 80 мыңнан аса еңбеккер кәсіподақ мүшелері.Өңірдегі кәсіподақтар ұйымының жұмысы бірқалыпты,- деп атап өтті С.Тұрымов.

 Өз кезегінде  ҚРКФ төрағасы Ералы Тоғжанов әлеуметтік-еңбек қатынастарында қоғамды, кәсіподақ пен еңбек ұжымдарын  алаңдатып отырған мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар шетелдік компаниялардағы жұмыс берушілер тарапынан орын алған еңбек заңнамаларын бұзу, еңбек даулары мен жанжалдарды болдырмау, қарызды еңбекті пайдалану және  жұмыскерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау жайын жеткізді.

«Кәсіптік одақтар федерациясы  Үкімет назарын бірнеше рет  шетелдік капиталмен жұмыс істейтін кәсіпорындар республикамызға шетелдік жұмыс күшін енгізу ережелерін үнемі сақтай бермейтіндігіне, қазақстандық жұмыскерлердің еңбегіне құрметпен қарамау, ұлттық заңнамаларды әдейі немесе жасырын түрде елемейтіндіктеріне аударды. Мұның бәрі әлеуметтік кикілжіңдердің тууына әкеледі»,- деді Ералы Тоғжанов.

Әлеуметтік шиеленістерді азайту үшін жұмыс берушілердің жергілікті атқарушы билік органдарымен және кәсіподақтармен өзара белсенді әрекеттерде болуы, құқықтық сауаттандыруды ұйымдастыру, жұмыстан босайтын жұмыскерлерді қайта оқыту және жұмысқа орналастырудың нұсқаларын алдын ала дайындау, өзіне қабылданған міндеттердің нақты орындалуы қажет» - деп атап өтті ҚРКФ төрағасы.

Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында республикамызда 3 еңбек дауы  ресми тіркелген. Қыркүйек-қазан айларында еңбек даулары өрістеп, кәсіпорындарда 17 әлеуметтік- еңбек даулары орын алған.

Соның ішінде салаларға бөліп қарасақ, 11 еңбек даулары  мұнайгаз саласына қатысты туындаған. Бірінші жарты жылдықтағы әлеуметтік-еңбек дауларының басым бөлігі - 6 оқиға   Маңғыстау облысында тіркелген. Кәсіподақтар төрағасы кәсіпорындардағы ұжымдық шарттармен қамтылудың деңгейі төмен екендігіне басты көңіл аудару қажеттігін және бұл бағытта жұмысты белсенді жүргізуге шақырды. Қазіргі күні Маңғыстау облысындағы жұмыс істейтін 10 200 кәсіпорынның 1 488-де  ұжымдық шарт жасалған. Қамтылу 14,6% құрайды. Өндірістік жарақаттанушылықты төмендету жөніндегі шаралар бойынша Ералы Тоғжанов қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша кәсіпорындарда өндірістік кеңестер құру жұмысын белсенді жүргізу қажеттігін баса айтты.

2019 жылдың 9 айында облыс бойынша өндірістегі жазатайым оқиғалар салдарынан  38 адам зардап шегіп, 2 адам көз жұмған.

Сонымен қатар Қазақстандағы қарызды еңбекті пайдалану мәселелері жайлы да айтылды. «Қазір Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттарының  қарауындағы қарызды еңбектің қолданылуына қатысты заң жобасында ҚРКФ бірқатар ұсыныстары  көрініс тапқан»»- деді Кәсіптік одақтар федерациясының төрағасы.

Талқылау барысында  тараптар әлеуметтік-еңбек  мәселелерін шешуде бірлесе тиімді әрекеттестік орнату үшін өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Құжатта ҚР Кәсіптік одақтар федерациясы мен Маңғыстау облыстық әкімдігі арасындағы әріптестікті дамытуда өңірдегі еңбек жағдайларын жақсарту, өндірістік жарақаттануды болдырмау және еңбеккерлер құқығының сақталуы үшін шешуші бағыттар айқындалған.

Меморандум аясында студенттерді уақытша жұмысқа тарту және жастардың еңбек қозғалыстарын дамыту жайлы бірлескен іс-шаралар қабылданады.

 

ҚР Кәсіптік одақтар федерациясының баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.