ЖАСТАР ЖЫЛЫНДА «ҚАЗАҚСТАН АРУЫ» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫ ЖАҢА ФОРМАТТА ӨТЕДІ

ЖАСТАР ЖЫЛЫНДА «ҚАЗАҚСТАН АРУЫ» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫ ЖАҢА ФОРМАТТА ӨТЕДІ

Биыл «Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жарнама-танымдық роликтер топтамасы атты арнайы жобаны түсіруді ойдағыдай  жүзеге асырды. Бұл әсерлі шағын фильмдерде өңірлік тур жеңімпаздары өз өңірлерінің туристік мүмкіндіктерін паш етті. Мысалы, «Петропавл аруы» Ботай ежелгі энеолит қонысы хақында, «Қарағанды аруы» Кент таулары турасында, «Ақтау аруы» - Торыш тастар алқабы мен «Қарынжарық» ойпаты жайлы, «Тараз аруы» Ақсу-Жабағылы қорығы туралы баяндап берді... Арулар туған өлкелеріндегі көрнекі жерлер туралы мақтанышпен әрі сүйіспеншілікпен әңгімелейді, бірегей табиғи және археологиялық нысандарды өз көздерімен көріп кету үшін туристерді Қазақстанға шақырады. Өз өңірін өзгелерден жақсы,  қызықты етіп таныстырған Қатысушы «Туризм аруы - 2019» титулымен марапатталады.

«Сондай-ақ жаңа форматта «Дүниежүзі аруы» және «Әлем аруы» сияқты ірі әлемдік жобаларға арналған таныстырылым роликтері ұсынылады, бұл роликтер алғаш рет Ұлы даланың киелі жерлеріне, Қазақстан Республикасының бірегей географиялық және табиғи ландшафттарына арналады. Бұл халықаралық жобалардың медиа алаңдағы  рейтингі жоғары болғандықтан, ықтимал туристердің аудиториясын барынша ауқымды қамтуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиев.

Бұдан бөлек, қазылықтың әділ болуын, байқаудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ұлттық қазылар алқасы әдеттегідей, финалға шығатын бес аруды іріктейді, ал еліміздің мақтанышы болатын сұлуын қазақстандықтар онлайн және СМС дауыс беру арқылы өздері таңдайды. 

Ұйымдастырушы комитет ең әсерлі әрі көпшіліктің көңілінен шыққан оқиғаны Қазақстан Республикасындағы Жастар жылына арнауды ұйғарды. Өңірлік турлардың барлық 32 жеңімпазы әлеуметтік науқандарға, қайырымдылық, мәдени және спорт шараларына «Сұлулық пен мейірімділік» деген ұранмен белсене атсалысып, еліміздің жастарына үлгі болуда. 

Қатысушылардың подиумда этно-casual деген әлемдік fashion-форматта өздерін таныстыруы биылғы жылдың тренді болмақ. «Біз, яғни ұйымдастырушылар осы бір жаңа формат арқылы қазақстандықтардың жаңа буынын Ұлы даланың ұлттық салт-дәстүрін, мәдени мұрасын тануға, құрметтеуге және көзіміздің қарашығындай сақтауға шақырғымыз келеді», - деп мәлімдеді жобаның идеологиялық серіктесі, «Алтын орда» авторлық дизайн үйінің негізін қалаушы Ырза Тұрсынзада. 

Байқаудың финалдағы кезеңінде дәстүрге айналған «Дарындылар думаны» өткізіледі, оның жеңімпазы финалға шыққан арулардың алғашқы ондығының қатарына автоматты түрде қосылады. Бұл аталым – қатысушылардың болашағы үшін маңызды кезең, жұлдызға айналуға берілген мүмкіндік. 

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдан бастап «Қазақстан аруы» байқауына жаңа ереже енгізілген. Кез келген өңірдің әрбір аруы байқаудың missqazaqstan.kz деген ресми сайтына өз бетінше өтінім бере алады. Биыл тіркелген қыздар саны 7000-нан асып кетті. 

 «Қазақстан аруы-2018» тәжіне ие болған Әлфия Ерсайын ғаламның титулы бар сұлулары бас қосатын, 68-ші рет өткізілетін ең ауқымды «Дүниежүзі аруы 2019» (АҚШ) байқауының салтанатында Қазақстан Республикасының намысын қорғамақ. 

Еліміздің ең сұлу әрі бағы жанған қыздары «Қазақстан аруы» тәжі мен титулына үміткер болмақ, 22-ші ұлттық байқау 2019 жылдың 2 мамырында Нұр-Сұлтан қаласының «Nomad City Hall»-ында өтеді. Республикалық НТК телеарнасының көрермендері «Nomad City Hall»-да түсіріліп жатқан тікелей эфирді тамашалай алады. 

 

 

Өзіңізді қызықтырған сұрақтар бойынша +7 707 799 97 21 телефонына хабарласыңыз немесе mediapresskz@gmail.com электронды мекенжайына хат жазыңыз. 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

5 пікір

  1. аватар
    Laurel 7 декабря 2023 08:21

    You actually make it seem really easy with your presentation however I in finding this
    matter to be actually one thing that I think I'd never understand.
    It sort of feels too complex and extremely large for me. I am taking a look ahead for your subsequent put up, I will attempt to
    get the hang of it!

    Feel free to visit my web-site - acheter du
    mobic en Belgique

  2. аватар
    Merlin 11 апреля 2024 20:45

    Definitely believe that which you stated. Your favorite reason appeared
    to be on the web the easiest thing to understand of.

    I say to you, I definitely get annoyed while folks think about concerns that they plainly don't know about.
    You managed to hit the nail upon the highest and outlined out the whole thing without having side-effects ,
    folks can take a signal. Will likely be again to get more.
    Thank you

    Also visit my webpage ... coumadin en vente libre en France

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив