Мұқабадағы сұлу!

Мұқабадағы сұлу!

«АСТАНА АРУЫ» байқауы өзінің 20 жылдық мерейтойына орай, мерейтойлы байқаудың финалға шыққан 20 аруының суреті жарияланған таныстырылым күнтізбесін шығармақшы.

Астананың ару қыздарына фотосессия жасаған жылтыр басылымдардың атақты Fashion-фотосуретшісі Марета Келигова. Оның туындылары өз ісінің хас шебері әйгілі Максим Золотухиннің туындыларымен үйлесім тапқан. Астананың көрікті жерлерін көздің жауын алатындай етіп түсірген оның суреттері жобаға сән берді. 

Күнтізбенің мұқабасында «Астана аруы 2018» мерейтойлы байқауының жеңімпазы Еркеназ Сейфулла бейнеленген. Жұмыстың нәтижесін тамашалауды, сондай-ақ арман қала астанамыздың айдай сұлу аруы туралы толық ақпарат алуды ұсынамыз. 
Жаңа «Астана аруы» Еркеназ Сейфулла туралы мәлімет

2017 жылы дарынды балаларға арналған “Зерде” мектебін тәмамдаған. 

Қазақ технология және бизнес университетінде білім алып жатыр, болашақ дизайнер ретінде өзінің киім-кешек желісін құруды армандайды.

Алғашқы күннен бастап Еркеназ студенттік өмірге белсене араласып кетіпті: жастар ісі жөніндегі комитеттің жанындағы департаментті басқарады, университеттегі  «Sunrise» сән театрын басқарады, «Bakeryfest» қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырады, одан түскен қаражатты науқас балаларға қаражат жинау қорына береді екен.

Сондай-ақ Еркеназ Сейфулла «Ақ  Орда» дебат клубының 2017-2018 жыл  маусымындағы ең үздік спикер атағын алды. 

«Астана аруы» байқауын өткізіп жатқан кезде сұлуымыз сұранып, өзінің қала әкімдігіндегі жобасын қорғау үшін «Жастар Синергиясы» лагерінің әлеуметтік ұйымдарына барып келген болатын. Еркеназдың айтуынша, «Бастамашыл жастар» жобасының негізгі идеясы – жастарды қолында дипломы бар маманға ғана емес, әртүрлі салада тәжірибесі бар, жан-жақты дамыған адамға айналдыру екен. 

Сұлуымыз көпбалалы отбасында өскен. Оның анасы Жібек ҚР көпбалалы аналарға арналған «Алтын алқа» марапатының иегері. "Менің отбасым үлкен, анам бірде-біреуімізді назарсыз қалдырмайды, бізге дұрыс тәрбие беру үшін аянбай еңбектенеді. Мен ата-анамның үмітін ақтауға тырысамын, өйткені сол кісілердің арқасында біз молшылықта өсіп, үздік болуға ұмтылып келеміз. Отбасыма деген алғысым шексіз, отбасымның махаббаты мен қолдауы болмаса, мұндай жетістікке қол жеткізе алмас едім", - деп бөлісті Еркеназ.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив