Батыс Қазақстан облысы әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасы сақталуда

Батыс Қазақстан облысы әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасы сақталуда

Баспасөз-маслихатында Батыс Қазақстан облысының әкімі  Алтай Көлгінов қатысты. Елбасы Жолдауындағы  алты басым бағыттар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында ішкі жалпы өнім 0,6% өсіп, 1,2 трлн.теңгені құрады. Биылғы жылдың сегіз айында өңдеу өнеркәсібіндегі экспорт көлемі 26% өсіп, 150 млн. долларға жетті, - деді А.Көлгінов. Өнім өндіру көлемі 2,5 трлн. теңгені кұраған. Негізгі капиталдағы инвестиция көлемі  0,5% ұлғайып, 316 млрд. теңгеге жеткен. Ішкі инвестиция көлемі 197 млрд. теңгені құраса, оның негізгі капиталдағы үлесі 62%. Бұндай көрсеткіштерге қол жеткізуге Елбасы тапсырмаларын орындауға бағытталған жүйелі және кешенді іс-шаралар тікелей әсер етті. Ауыл шаруашылық және агроөнеркәсіп өнімі бойынша  Елбасымыз  ауыл шаруашылық экономиканы негізгі саласы ел экономикасының драйверіне айналу керектігін бірнеше рет айтқан болатын. Биылғы жылы бұл саланы қолдауға Батыс Қазақстан облысында 12 млрд. қаражат ауыл шаруашылығына бөлінген. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 30% артық.  Ауыл шаруашылық жалпы өнімі 104 млрд. теңгені құрап отыр. Ауыл шаруашылығының дәнді дақылдардың  жалпы егістік көлемі 513 мың гектарға жетті. Ол өткен жылдармен салыстырғанда 4,5 % көп нмесе 22 мың гектарға артық. 45% таза суға қол жеткізіп отыр. Жаңғал ауданын айтатын болсақ 2.5 млрд. теңге бюджеттен қаражат бөлініп отыр,80% халқы қазіргі уақытта қазан айында таза суға жеткізіп мерзімінен бұрын аяқтадық. 150 шақырым жерден су тартылды. 150 шақырым жерде 8 елді мекен таза суға қол жеткізді. Бұрын өте өзекті мәселе болатын. Су және жылу жабдықтау  бұл да жоспарда бар. Қайта жаңарту бойынша жылу және сумен жабдықтау бізде 5 жоба іске асырылады, мысалы, Ақсай қаласы  Оралдың жанында екінші болып табылады. Нұрлы жол бағдарламасының арқасында  жылу желілері жаңартылған  және осының арқасында  тозуы мен апаттылығы төмендетілді 43% - дан 7%-ге дейін.  Ішкі кварталдық, енді кезек жаңғырту Жылу электро орталығына келіп тоқталды. Жылу электро орталығы  өте ескі. Онда  60 жылдық   қазандықтар орналасқан. Келесі жылы жылу электро орталығын жөндеуге кезек келіп тұр. Елбасы 5 жыл ішінде білім және ғылым, денсаулық сақтау саласына жұмсалатын қаражаттарды жалпы 3,10% көтеруді айтып кетті, Сонымен катар 2,5 тонна ет өнімдері экспортқа шығару. Қой етін сату бойынша айтатын болсақ 3 есе арттыруға болжамдап отырмыз. Кәсіпкерлікті дамыту саласында оң өзгерістер бар екенін айтты. Шағын және орта бизнес субъектілері 6% өсіп, 40 мың бірлікті құрады. Сол саламен айналысатындардың саны 10% артып, 115 адамға жетті. Жалпы өңірлік өнімде шағын және орта бизнестің үлесі 40% . Республика біз үшінші орындамыз. Елбасымыз қабылдаған «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалардың қарқынды іске асырылуы өңір экономикасына оң әсер етуде. Биылғы жылы бұл бағдарламалардың орындалуына 36,3 млрд. теңге бөлінді. «Нұрлы жер » бағдарламасымен облыста 26 көп пәтерлі тұрғын үй салынуда. Сондай- ақ аудан-ауылдарда 104  үйдің құрылысы жүргізілуде. Үкімет қазынасына салықтан 241 млрд.тан жоғары қаражат түсті. Биылғы жылдың соңына дейін алты көп қабатты, аудан-ауылдарда 83, барлығы 827 пәтер пайдалануға берілмек. Жеке инвесторлардың есебімен салынған 1400 коммерциялық пәтерлердің ішінен 100 жанұя «7-20-25» бағдарласымен иеленді. 280 пәтердің құрылысы аяқталып, өз иелерін күтуде. Мемлекет тарапынан көрсетілген зор қолдаудың нәтижесінде өңірде жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биылғы жылдың өзінде 450  шақырым жол салуға 32 млрд. теңге қаржы бөлінген. Жыл сайын өңір арқылы 4 млн.- нан астам жолаушы және 1 млн. 200 мың көлік өтеді. Алдағы уақытта Саратов, Самара және Атырау бағыттарын біріктіретін айналма жол құрылысы жоспарлануда. Сонымен қатар, биыл Орал қаласында 50 көше немесе 50 км-ге жуық жол жөнделді.  Сондай-ақ  көгілдір отынмен, таза ауыз сумен, жылумен қамту, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, білім және спорт саласының негізгі көрсеткіштеріне тоқталып өтті. Өңірде 14 мың адам жұмысқа тұрды, оның ішінде 11 мыңнан астамы тұрақты жұмыспен қамтылды. Биыл 15 IT-сынып ашылды. 2019 жылы тағы да  50 IT-сынып ашылмақ. Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік жеке меншік әріптестік аясында 600 млн. Теңгеден астам  2 жоба жүзеге асырылды, халықтың 100% электронды денсаулық паспорттарымен қамтамасыз етілген. Биыл өңірде 50 спорт алаңы салынды.  2019 жылы тағы 100 жаңа спорт алаңдары салынбақ. Облыста қолға алынған «Smart City»  жобасы қарқынды жүзеге асуда.  Аудандарды газдандыру жұмыстарына 44 млрд. қаражат бөлінді.  Бөкей ордасы мен Жәнібек аудандарындағы 11 елді мекендеріне газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде «Ашық әкімдік», мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы. «Smart Uralsk» орталығы, көші-қон Халыққа қызмет көрсету орталығы және тағы да басқа жобалар жүзеге асты. Жалпы өңірде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында 40- тан астам жоба жүзеге асырылуда. Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов БАҚ өкілдерінің сұрақтарына толықтай жауап беріп, Батыс Қазақстан облысы бойынша Елбасы тапсырмасына сәйкес әр салаға қаржы жеткілікті мөлшерде бөлініп отырғанын, оны мақсатты түрде, орнымен игеру қажеттілігін атап көрсетіп кетті.

 

Мадина Жатканбаева

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив