Жаңаөзеннің жаңа келбеті

Жаңаөзеннің жаңа келбеті

Облыс әкімдігінде облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен кеңес өтті, онда Жанаөзен қаласы  және Тұпқараған  аудандарының әкімдерінің 2018 жылдың қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есептік баяндамасы тыңдалды.

2018 жылдың бірінші жартысында атқарылған жұмыстар туралы  Жанаөзен қаласының әкіміӘділбек Дауылбаев баяндады.

Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі                               21,1 млрд.теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,8%-ға өсіп отыр (2017ж. қаңтар-маусым айларында – 16,4 млрд.теңге).

Құрылыс жұмыстарының көлемі 6,3 млрд.теңгені құрады.

2018 жылдың 6 айы ішінде жалпы көлемі 96,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.

Қала бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 516 бірлікке көбейіп, 8313 жетті. (2017ж. 6 ай – 7 797), оның ішінде заңды тұлғалар – 1 395, жеке кәсіпкерлер – 6918, ауылшаруашылығы-19.Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны 21200 адам.

Жыл басынан бері 2743 жаңа жұмыс орны құрылып, өткен жылмен салыстырғанда 8,1%-ға өсті (01.07.2017ж. – 2537 жұмыс орын).Атап айтсақ: әлеуметтік жұмыс орны - 237, жастар практикасы -102, қоғамдық жұмысқа - 1032, тұрақты жұмысқа орналасқандар - 1423.

Бюджет қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 180 пәтерлік жатақхана құрылысын салу жоспарлануда.

«Осы жылдан бастап өңірімізде «Нұр-Капитал» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Мамыр айынан бері «Нұр-Капитал» бағдарламасының негізінде Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің отырысында жалпы сомасы 639,3млн теңгенің 27 жобасы мақұлданды. Аталған бағдарлама аясында алдағы уақытта 327 жаңа жұмыс орны құрылады. Осы жылдың соңына дейін жобалардың  60% ашылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, «Мемлекеттік – жекешелік әріптестік бағдарламасы» аясында, «Солнышко» балабақшасымен ЖК «Жалымбетов» оңалту орталығының жобалары іске асырылуда», - деді қала әкімі Әділбек Дауылбаев.   

Тұпқараған  ауданының әкімі Темірбек Асауовтың мәліметінше, 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында ауданныңөнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі– 325 млрд. 643 млн 200 мың теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 94 млрд 818 млн. теңгеге көбейген /01.07.2017 жылы – 230 млрд, 825 млн. 200 мың.теңгені құрады/.

Ағымдағы жылдың қаңтар – мамыр айларына   ауданда 1 843,5 мың тонна шикі мұнай өндіріліп, облыс көлемінің 24,6 % құрады.

Өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индексі – 104,2% құрады.

Ауыл шаруашылық өнімдерінің  жалпы шығарылымы- 732 млн.700 мың теңге /2017ж.-517,3 млн. теңге/  нақты индекскөлемі- 102,1%.

Негізгі капиталға салынған инвестиция -  21 млрд  722 млн   200 мың  теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 млрд 418 млн. 900 мың теңгеге немесе 3,4 % көбейген  (01.07.2017ж. – 19 млрд. 303 млн. 300 мың теңге).

Жалпы көлемі 32,3 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, былтырғы жылдың осы кезеңіне қарағанда 2,6 мың ш.м. көбейген, немесе 108,6% / 01.07.2017 жылы  – 29,7 ш.м.  Тұрғын үй құрылысының негізгі қаржыландыру көздері үлес салмағы 100% – ды құрайтын салушылардың меншікті қаражатынан болды.

«Кәсіпкерлерді қолдау бағытында шағын несиелендіруге осы жылдың             6 айында барлығы-12 адам 54,5 млн. теңге көлемінде несиеге қол жеткізді немесе 227,1%  /2017ж.- 3 кәсіпкер 24,0 млн. теңге/. Аудан бойынша 2018 жылдың  1 шілдесіне дейінШағын және орта кәсіпкерлік саласында тіркелген субъектілерінің саны 1851 бірлікті құрады, ол  2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда /1717 бірлік, (+134)   8%-ға жоғары. «2018 жылғы «Нұр Капитал» өңірлік бағдарламасы аясында ауданнан барлығы облыстық үйлестіру кеңесінен 16 жоба қолдау тапты /сомасы -   310,796 млн. теңге, жоспарланған жаңа жұмыс орны- 150/. Келесі кезекте ұсыну үшін 7 жоба қарастырылуда /сомасы 150,4 млн. теңге, жаңа жұмыс орны 104/», -деді аудан әкімі Темірбек Асауов.

Жиын соңында облыс әкімі Ералы Тоғжанов аудан әкімдеріне білім беру, денсаулық сақтау саласында сапалы қызмет көрсетуді арттыру бойынша бірнеше тапсырма берді.

 

 

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив