ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА АЛҒАШҚЫЛАРДЫҢ ҚАТАРЫНДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА АЛҒАШҚЫЛАРДЫҢ ҚАТАРЫНДА

Бұл туралы бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Орталық коммуникациялар қызметінің Түркістан қаласында өткізген көшпелі баспасөз конференциясында мәлімдеді.       

«Ауыл шаруашылығы өнім көлемінің өсімі 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,8% немесе 374 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде мал шаруашылығы 188 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңінен 5 %  артты. Өсімдік шаруашылығы 184,4 млрд. теңге немесе 102,8% жетті. Ет өндірісі 6,7%-ға артып, 154,7 мың тоннаны құрады. Шетелге 4600 тонна ет экспортталып, бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы елімізде көш бастады.  Сүт өндірісі 3,2%-ға артып, 555,6 мың тоннаға, жұмыртқа  9,2%-ға артып, 146,7 млн. данаға жетті. Республика бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің үлесі 14,1% құрап,  2-орынға шықты. Биыл көкөніс, картоп, бақша дақылдарынан 2,7 млн. тонна өнім жиналып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді.   Оның ішінде 500 мың тоннаға жуық өнімдер Ресей, Беларусь, Латвия, Германия мемлекеттеріне экспортталса, 1 млн. тоннасы еліміздің солтүстік өңірлеріне жөнелтілді», - деді Ж.Түймебаев.

Түркістан облысы жылыжай, тамшылатып суғару бойынша көш бастап тұр. Мәселен, жылыжай көлемі   1285,4 гектарды, ал тамшылатып суғару әдісі 6,4 мың га артып, жалпы 64,4 мың гектарды құрады. Республикада жылыжайдың — 80%, тамшылатып суғару аумағының 72% түркістандықтарға тиесілі.

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив