33 жас маман «Самұрық-Қазына» қорының қоржындық компанияларына жұмысқа қабылданады

33 жас маман «Самұрық-Қазына» қорының қоржындық компанияларына жұмысқа қабылданады

Бүгін «Самұрық-Қазына» кеңсесінде «Цифрлық жаз–2018» тағылымдама бағдарламасының қорытындысы жарияланды. Жобаға 2100 үміткер ішінен іріктеліп, 65 жас IT маманы қатысқан еді. Олардың арасынан үздік деп танылған 33 тағылымгер Қазақстанның ең ірі компанияларына жұмысқа орналасады.

Қордың болашақ қызметкерлерін «Самұрық-Қазына» АҚ Операциялық қызмет жөніндегі басқарушы директоры Әлішер Пірметов құттықтап, бағдарламаға қатысуға үміткер саны көп болғанын атап өтті. Бір жұмыс орнына 63 адам қарастырылған.

«Екі ай бұрын біз осы жобаны бастап, жас мамандарға IT саласында, ең алдымен, тәжірибе жинауға мүмкіндік бердік. Сіздер қатаң іріктеуден өтіп, кәсіби мамандармен бірге күрделі модульдерді құрастырып, «Microsoft», «Oracle» және «Cisco» сияқты IT саласындағы үздік компаниялардың оқыту бағдарламаларына қатыстыңыздар. Біз келешегі зор, дарынды мамандарды дайындадық деп айта аламыз»,-деді Басқарушы директор.

2016-2018 жылдары жоғарғы оқу орындарын бітірген тәлімгерлер бағдарлама аясында Қордың электронды құжат айналымына көшу жобасын дайындауға қатысты, серверлерде қызмет көрсетті, телеграм-бот үшін Java тілінде жаңа бұйрықтарды құрастырды және басқа да тапсырмаларды орындады.

Тәлімгерлік бағдарламасы «Сандық Қазақстан» кешенді бағдарламасы аясында жүзеге асырылды және Астана, Алматы, Атырау, Павлодар, Өскемен қалаларын қамтыды.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың сәуір айында «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығы Қордың кадрлық саясатын жаңартып, көпшілікке таныстырған болатын. Енді Холдингке қарасты қоржындық компанияларда жұмысқа қабылданатын кондидаттарды іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ететін конкурстық іріктеудің бірыңғай жүйесі енгізілген.

 

Kaz Mass-Media

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив