«Самұрық-Қазына» АҚ жаңа Даму стратегиясын әзірледі

«Самұрық-Қазына» АҚ жаңа Даму стратегиясын әзірледі

«Самұрық-Қазына» АҚ-да 2018-2028 жылдарға арналған жаңа Даму стратегиясы қабылданды және Трансформация бағдарламасы жаңартылды. Құжат операциялық және инвестициялық қызметі толығымен коммерцияға бағытталған «Temasek» (Сингапур), «Khazanah» (Малайзия)  және «Mubadala» (Біріккен Араб Әмірліктері) тәрізді табысты тәуелсіз қорлардың тәжірибесін ескере отыра әзірленді.

Жаңа Стратегияға сәйкес, Қор Қоржын компаниялардың кірісін көбейту арқылы ұлттық әл-ауқатты арттыруға басымдық беремек.

«Самұрық-Қазына» АҚ жаңа Стратегиясында үш негізгі мақсатты белгіледі: компаниялардың тиімділігін арттыру, «Самұрық-Қазына» портфелін (активтерді) тиімді басқару және тұрақты даму. Бұл мақсаттар 4 стратегиялық бастама арқылы жүзеге асырылады:

Бірінші – компаниялардың қаржылық тұрақтылығын нығайту арқылы компаниялардың табыстылығын арттыру, Трансформация бағдарламасын жүзеге асыру және цифрландыру, бизнес пен ұйымдастыру құрылымын оңтайландыру арқылы әлеуетті анықтау;

 Екінші -  қоржын компаниялардың портфельдік құрылымын оңтайландыру. Бұл бағытта Жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыруды аяқтау, инвестициялық жобалар портфелін қайта қарастыру және стратегиялық емес активтерден шығу арқылы стратегиялық серіктестерді тарту жоспарланған;

Үшінші – кірісті әртараптандыру. Бұл қазақстандық бизнеспен және шетелдік әріптестермен тиімді бірлескен инвестициялар арқылы жеке капиталды дамытуға бағытталған;

Төртіншісі – корпоративті басқару және тұрақты даму.

Осы мақсаттарды іске асыру - Қордың жаңа құрылымын енгізуге, қаржылық тұрақтылықты нығайтуға, инвестициялық тартымдылықты арттыруға, қаржыны тиімді басқаруды қамтамасыз етуге және активтерді ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл міндеттердің сапалы жүзеге асуын қамтамасыз ету үшін Қордың активтер портфелі қайта құрылымданады. 
      Қазіргі уақытта, 332 компанияны қамтитын Қордың активтерді басқару жүйесі құрылымы күрделі 5-6 деңгейден тұрады.  Бұл жүйе басқару жұмысын қиындатуда. Сондықтан, Жекешелендірудің Кешенді жоспарына сәйкес, Қор құрылымынан 51 компания шығарылады. Түскен табысты қайта инвестициялау барысында тағы 102 бейінді емес  компания активтер қатарынан шығарылады.

Осылайша, Қор құрылымына кіретін компаниялар саны 332-ден 179-ға дейін қысқартылып, басқару деңгейі күрделі 5-6 деңгейден 3-ке дейін азаяды.  Нәтижесінде «Самұрық-Қазына» Қорының басқару құрылымы мобильді болады.

Жаңа Стратегияда халықаралық инвестициялар портфелін стратегиялық қадағалауды Қордың Басқару кеңесі жүзеге асыратыны нақтыланған. Экономикадағы шоғырлану көрсеткішінің төмендеуі, жергілікті инвесторлардың жылыстамауы, қордың халықаралық деңгейдегі орнының нығаюы және технологиялар мен білім арқылы пайда табу -  осы инвестициялардың артықшылығы болмақ.

Жаңа Стратегияға сәйкес, әлеуметтік инвестициялар «Temasek» және   «Khazanah» компанияларының тәжірбиесіне негізделіп, тек білім беруге,  «адам капиталына» және инновациялар құруға бағытталатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылғы сәуірдің 19-ы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысында «Самұрық-Қазына» АҚ 2018-2028 жылдарға арналған жаңа Даму Стратегиясын және жаңартылған Трансформация Бағдарламасын мақұлдады және бекітті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қорды дамытуға бағытталған жұмыстарға оң баға берді.

 

        «Самұрық Қазына» ҰӘҚ»  АҚ   Қоғаммен байланыс департаменті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив