Қазақ күресінен Азия чемпионатының жүлде қоры 20 мың долларды құрайды

Қазақ күресінен Азия чемпионатының жүлде қоры 20 мың долларды құрайды

2018 жылы 26 тамызда Астанада қазақтың ұлттық күресі - қазақ күресінен өтетін Азия чемпионатында 20 мың АҚШ доллары сарапқа салынады.

Халықаралық Qazaq kuresi федерациясының бас хатшысы Азамат Тілеулесов турнирдің жүлде қоры туралы айтып берді.

“Әр салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздарға 1000 доллардан табысталады, күміс жүлдегерге 500 доллардан, ал қола медальға 300 доллардан беріледі. Абсолюттік салмақ дәрежесі бойынша алтын медаль иегеріне 3000 доллар, күміске 1500 доллар, қола жүлде иесіне 1000 доллар табысталады”, - деді Тілеулесов.

Қазақ күресінен чемпионатқа 11 мемлекеттен 80 спортшы қатысады. Жарыс 8 салмақтық дәреже және абсолюттік бойынша өтеді.

Қазіргі таңда Азия Чемпионатына қатысуға Жапония, Шри-Ланка, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Моңғолия, Иран, Пәкістан, Қырғызстан мен Үндістан мемлекеттері өздерінің мықты деген спортшыларын дайындап отыр.

Айта кетсек, Азия чемпионатында 16 спорт төрешісі жұмыс істейді.  Олардың арасында қазақстандық қана емес, Қазақстан, Грузия, Өзбекстан, Литва, Украина төрешілері болады. Соның ішінде үш арбитр Астана, Алматы және Семей қалаларынан  шақырылып отыр.

Азия Чемпионаты Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Самрұқ Қазына әл ауқат қоры, ERG Еуразиялық тобының қолдауымен жүзеге асуда. Ұйымдастырушылары “Халықаралық қазақ күресі федерациясы” ЗТБ.

Айта кетсек, Қазақ күресі (Qazaq kuresi) ұлттық спорт түрі ғана емес, ол ЮНЕСКО-ның  материалды емес мұралар тізіміне кіреді. Былтыр Халықаралық Qazaq kuresi федерациясы құрылып, ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев федерация Президенті болып сайланды. Жыл сайын осы спорт түрінен бірнеше халықаралық және республикалық жарыстар өтеді. Соның бірі 2017 жылы өткен Әлем чемпионатына 40 елден 160 балуан қатысты.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив