Әшімбаев: Қырғызстан бас тартқан $100 миллион ел игілігіне жұмсалады

Әшімбаев: Қырғызстан бас тартқан $100 миллион ел игілігіне жұмсалады

АСТАНА, 25 қазан — Sputnik. Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев Қырғызстанның Қазақстанмен жасалған келісімнің күшін жоятыны туралы ресми хабарына қатысты пікір білдірді. 

Айта кетсек, Қырғызстан парламентінің бюджет және қаржы жөніндегі комитеті Қазақстанмен жасалған 100 миллион доллар көмек туралы келісімнің күшін жою жөніндегі заң жобасын мақұлдаған болатын. Енді заң жобасын парламенттің басқа комитеттері қарастырады, одан кейін құжат Жогорку Кенештің жалпы отырысына шығарылады. Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі бірер күн бұрын қазақстандық тарапты келісімнің күшін жою рәсімдері басталып кеткенін туралы ресми хабарландырды.

"Бұл қомақты қаржы.  Қазіргі заманда 100 миллион доллар аз ақша емес екенін түсінеміз. Қазақстанда бұл қаржыны жаратуға болатын сала мен бағыттар табылатынына мен сенімдімін. Бірінші кезекте, әрине, әлеуметтік сала назарда болуға тиіс. Біздің еліміздің алдында тұрған мақсат-міндеттер көп, сондықтан бұл қаржы елдің игілігіне жұмсалатынына сенім білдіремін", — деді Әшімбаев БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап бере отырып. 

Ол Қазақстанның көрші мемлекеттің алдындағы барлық міндетін орындағанын айтып, бұл жағдайды ушықтыра бермеуге шақырды. 

Қазақстан биылғы жылы шілдеде Қырғызстанға 100 миллион доллар бөлу туралы келісімді ратификациялады. Бұл қаражат Қырғызстанға Еуразия экономикалық одаққа қосылуына байланысты іс-шаралары жүзеге асыру үшін ұсынылды. 


sputniknews.kz

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив