СҚО-да полицейлер медициналық көмек қажет болған баланы ауруханаға жеткізуге көмектесті

СҚО-да полицейлер медициналық көмек қажет болған баланы ауруханаға жеткізуге көмектесті

27 ақпан күні кешке таман СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Арсен Домашенко мен Игорь Семин «Жезқазған – Петропавл» автожолында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген. Осы жолдың 950-ші шақырымында «Toyota» автокөлігінің жүргізушісі полицейлерге жақындағанда көліктің дабылын қайта-қайта басып, көмек сұрады. Көлік салонында әйел мен шұғыл медициналық көмекке мұқтаж екі жасқа да толмаған бала отырған. Тәртіп сақшылары бала мен әйелді қызметтік көлікке отырғызып, жарқылдауық маяктарын қосып, Петропавл қаласындағы облыстық балалар ауруханасына жеткізді.

Баланың ата-анасы «Қазір ұлымыздың жағдайы жақсы. Жігіттерге өте ризамыз! Қызметтеріңіз тыныш болсын. Сіздерге және жақындарыңызға денсаулық тілейміз!», - деп әлеуметтік желілерде алғыстарын жариялады.

Мұндай оқиғалар жол үстінде жиі болып тұрады. Облыстық патрульдік полиция батальонында 5 жылға жақын қызмет атқарып жүрген Арсен мен Игорь осындай жағдайға тап болған облысымыздың бірнеше азаматына көмектесті. Сақшылардың айтуынша, адамдардың алғыс сөздері қызметті жақсы атқаруға итермелейді екен. 

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив