Полицейлер аязды күндері СҚО жолдарында алысқа жүк тасымалдайтын бес жүргізушіге көмектесті

Полицейлер аязды күндері СҚО жолдарында алысқа жүк тасымалдайтын бес жүргізушіге көмектесті

https://youtu.be/PItLnVKrkfk 

Солтүстік Қазақстан облысында қатты аяздардан соң ауа температурасы күрт көтеріліп, жолдар көктайғаққа айналды. Желтоқсан айының басында болған аяздар кезінде облыстық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері алысқа жүк тасымалдайтын бес жүргізушіге көмектесті. Жанар-жағармайдың қатып қалуы көліктердің тоқтауына себеп болған.

Жүргізушілердің бірі 55 жастағы астаналық Рублевка ауылынан 9 күн бойы кете алмаған. Оның «DAF» маркалы фурасы «Астана – Петропавл» жолының 418-ші шақырымында бірқатар бөлшектерінің істен шығуына байланысты жүрмей қалған. Осы күндері оған патрульдік полицейлер. «Зенченко» КС басшылығы, жолай өтіп бара жатқан жүргішілер көмектесіп отырған. Аяз кеткен соң фураны жылытып, оталдырып алды. «Қол ұшын созған барлық адамдарға алғысым шексіз», - дейді жүргізуші.

«Жезқазған – Петропавл» жолының 779-шы шақырымында жол шетіне шығып кетіп, аударылған «Hyundai» автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі де ризашылығын білдірді. Жол үстінде жүрген патрульдік полицейлер 18 желтоқсан күні түскі сағат екілер шамасында бір қабырғасына аударылып жатқан фураны байқайды. Сақшылар «Черкасов» ЖШС-дан «К-701» тракторын шақыртты.

Ал 13 желтоқсан күні бірден 3 фура қатты аязға шыдамай қатып қалған. Бұл күндері полиция қызметкерлері жол үстіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, жүргізушілерге түнейтін орын, жылы бокс, ауыр техника тауып берді, көлікті жылытып жатқанда айналадағы тәртіпті қадағалады. ДЭУ-67 және ДЭП-13 ұйымдарының жұмысшылары да көмектесті.

«Қызметкерлеріміз кезекшілікке шыққанда жолдарда қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге көмектесу қажет екенін айтамыз, - дейді СҚО ПД патрульдік полиция батальонының командирі полиция майоры Уәлихан Оразалин. – Жүргізушілерден ТЖ қызметінің жолдардың жабылуы туралы хабарламаларын бақылап отыруды және жылы киімдерді бірге алып жүрулерін сұраймыз. Мықты телефон қуаттағышты да ұмытпаған жөн. Жолдарда мұқият болып, жол жүрісі қағидаларын сақтау қажет». 

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив