"СЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТӨЗІМДІСІҢ БЕ? ҚОСТАНАЙЛЫҚ ҚОҒАМШЫЛДАРЫ ЖАСЫРЫН САУАЛНАМА ӨТКІУДЕ"

Осы жылдың қаңтар айында Қостанай облысының «ГрИн» Азаматтық альянсы бастамасы бойынша Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп өңір азаматтары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық мәселелері бойынша онлайн сауалнама ұйымдастырылды.

Әлеуметтік сауалнама барлығы 17 сұрақтан мемлекеттік және орыс тілінен тұрады және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлар» жобасы пулының қатысушылары қолдауымен жүргізіледі.

Сауалнама бастамашылары сауалнамаға қатысу ерікті және жасырын екенін атап өтті, негізгі мақсат – қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін бағалау.

«Әлеуметтік сауалнама нәтижелері, біздің жұмысты азаматтар жиі назар аударатын салаларға шоғырландыруға мүмкіндік береді. Шағымдар, түрлі арыздар келіп түседі, мұның бәрі шешуді қажет ететін мәселелер бар екендігін көрсетеді. Біз сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және осал аймақтармен нақты жұмыс істеу үшін азаматтармен кері байланысты күшейту бойынша жұмысқа бастамашылық етеміз», деді Департамент басшысы Бауыржан Ұзынжас.

Былтырғы жылы осыған ұқсас сауалнамаға Қостанай облысының барлық қалалар мен аудандарын қосқанда түрлі мақсатты топтардан 10 мыңнан астам сұхбаткер қатысты.

Осы жылы жасырын әлеуметтік сауалнама 29 қаңтардан бастап 15 ақпанға дейінгі кезеңде өткізілуде, ресми қорытындысы БАҚ және Қостанай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ғаламтор-ресурсында жарияланатын болады.

https://docs.google.com/forms/d/1SwURjQF_ml2S3Ur55YwvTZrWMNpT1qeVzv1_Sn9ENRQ/edit

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив