Букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар мәліметтерін мемлекеттік кірістер органдарына беруге міндеттеледі

Букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар мәліметтерін мемлекеттік кірістер органдарына беруге міндеттеледі

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2023 жылғы 12 желтоқсанда Салық кодексіне Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерімен аппараттық-бағдарламалық кешендердің интеграциясын қамтамасыз ету бойынша букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың міндетін көздейтін өзгерістер енгізілгенін хабарлайды (Салық кодексінің 24-бабының 26-тармағы). Аталған түзетулер 2024 жылғы 12 ақпаннан бастап күшіне енеді.

Интеграциялық өзара іс-қимыл тәртібі тиісті қағидалармен айқындалатын болады. Бүгінгі күні ол қағидалар әзірленген және мүдделі мемлекеттік органдармен келісу барысында (Туризм және спорт министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі).

Қағидалар букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар мемлекеттік кірістер органдарына беретін және салық салу мақсаттары үшін пайдаланылатын деректерді айқындайды (бәс тігуге қатысушының ЖСН-і, ставкалар сомасы, бәс тігу нәтижелері, ұтыстар сомасы, ойын шотынан толықтыру/алу).

Бұл нормалар салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен бизнес субъектілері арасындағы тиімді өзара ақпараттық іс-қимылды әзірлеуге бағытталған.

Алынатын мәліметтердің құпиялылығы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға, сондай-ақ «Ақпараттандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес қамтамасыз етілетін болады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив