СҚО-да қаңтар айында 20 жол көлік апаты тіркелді

СҚО-да қаңтар айында 20 жол көлік апаты тіркелді

https://youtu.be/7xsf3gsj8gg 

Солтүстікқазақстандық полицейлер жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жандандырды: 5 ақпаннан бастап елімізде «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

2024 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында 20 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 2 адам қаза тауып, 29 адам жарақат алды. Жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша жыл басынан бері 5048 құқық бұзушылық анықталды. Олардың ішінде белгіленген жылдамдықты арттырудың 548 фактісі, 521 - жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы, сондай-ақ жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбауының 478 фактісі анықталды. Сонымен қатар, қаңтар айында мас күйінде көлік жүргізген 74 жүргізуші ұсталды.

«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы бірінші кезекте жол қозғалысына қатысушылардың, оның ішінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі. Рейдтер барысында жол көлік оқиғаларын болдырмау және жалпы жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде ", - деп атап өтті Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Александр Розбах.

Күрделі ауа райы жағдайларына байланысты жолдардағы қауіпсіздікті жандандыру әсіресе өзекті болып отыр. Жедел алдын алу іс-шараларына жұмылдырылған полиция қызметкерлері өз құзыреті шеңберінде қала мен өңірдің көше-жол желісін мониторингілеу бойынша күнделікті жұмысты белсенді түрде жалғастырып, кемшіліктерді жою үшін уәкілетті органдарға күрделі учаскелер туралы ақпаратты жедел түрде беріп отырады.

«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы қыстың соңғы күні - 29 ақпанда аяқталады. 

Юрий Клыков

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив