Жамбыл облысында қар құрсауында қалған бақташылар аман-есен табылды

Жамбыл облысында қар құрсауында қалған бақташылар аман-есен табылды

2023 жылдың 12 желтоқсаны күні сағат 00:24 шамасында Шу ауданы, Көкқайнар ауылынан 15 шақырым жерде шаруа қожалықтардың бiрiнен 2 малшысы адасып, жоғалып кеткені туралы хабар түсті. 

Хабарлама бойынша тез арада полиция қызметкерлері, аудан әкімдiгi, ТЖД қызметкерлерi, жергілікті тұрғындар, арнайы жол техникасы көлігi жұмылдырылып, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Қалың қар басқан жолдар "Грейдер" техникасымен аршылып, айналаны жiтi қарау шаралары ұйымдастырылды. 

- Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде түнгі сағат 3.00 кезінде малшылар және қарауындағы малдары аман-есен табылды. Құтқарылған азаматтардың  жағдайы бірқалыпты, медициналық көмекті қажет етпеді, - деді Шу ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Дiнмұхамбет Қойтөриев.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив