Таразда жоғалған жасөспірімдер тәулік ішінде табылды

Таразда жоғалған жасөспірімдер тәулік ішінде табылды

Тараз қаласы Полиция басқармасы Жедел басқару орталығына сағат 23:50 шамасында Жуалы ауданының тұрғынынан 11 және 12 жастағы балаларының үйден шығып, қайта оралмағандығы жайлы хабарлама келіп түскен.

Аталған дерек бойынша Полиция басқармасының жеке құрамы және ерікті азаматтардың қатысуымен қала аумағындағы саябақтар, қараусыз қалған ғимараттар, базарлар мен жасөспірімдердің баруы мүмкін деген жерлердің барлығы жіті тексерілді.

Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің тәулік бойы жүргізген  іздестіру жұмыстарының нәтижесінде таңғы 07:20 шамасында қала iшiнде орналасқан көпірдің бірінің астынан ұйықтап жатқан жасөспірімдер табылды.

Қазіргі таңда балалар аман-есен ата-анасына табысталды. Олармен арнайы психолог мамандар  профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Жалпы, талдау нәтижелеріне сәйкес, өткен жылдың осы  кезеңімен салыстырғанда Жамбыл облысы бойынша іздестіру жарияланған хабар-ошарсыз кеткен адамдардың саны екі есеге қысқарған.

Мәселен, 2021 жылы 97 адамға іздестіру жарияланып, 82-сі анықталды. Оның ішінде 13-і кәмелетке толмағандар. Ал ағымдағы жылы 43 адамға іздеу жарияланып,  31-і анықталды. Оның  7-і кәмелетке толмағандар.

Құрметті ата-аналар! Жамбыл облысының Полиция департаменті кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмауды және жасөспірімдер жасындағы ерекшеліктерін ескере отырып, оларды тәрбиелеу жөніндегі өз міндеттеріне аса жауапкершілікпен қарауды ескертеді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив