Алкоголь өнімін таңбалау тәртібі қалай өзгерді?

Алкоголь өнімін таңбалау тәртібі қалай өзгерді?

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті күштілігі он екі пайыздан төмен әлсіз градусты ликер-арақ өнімдерінің қаңылтыр ыдысына есепке алу-бақылау маркаларын жапсыру бойынша өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.

Қазақстан Республикасының «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңының
9-бабының 2-тармағына сәйкес қаңылтыр ыдыста күштілігі он екі пайыздан төмен әлсіз градусты ликер-арақ өнімдерінің айналымы рұқсат етіледі.     Сонымен бірге, Салық кодексінің 172-бабы 2-тармағына сәйкес, толысылған шарапты және сыра қайнату өнімін қоспағанда, алкоголь өнімі  есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануы тиіс.

Қаңылтыр ыдысы (метал банкасы) үшін ыдыстың қақпағына есепке алу-бақылау маркаларын жапсыру бойынша талаптың орындалуы мүмкін емес, өйткені тұтыну ыдысын ашу кезінде есепке алу-бақылау таңбасының тұтастығын бұзу талабын сақтау мүмкін емес. Мұндай талаптар есепке алу-бақылау маркасын қайта пайдалануды болдырмау мақсатында белгіленген болатын.

Осыған байланысты ережеге қаңылтыр ыдыстың қақпағына есепке алу-бақылау маркасын жапсыру талабын алып тастайтын түзету енгізілді. Қаңылтыр ыдыста марка бүйірлік бетке жапсырылады және оның сәйкестендіру штрих-кодының ақпаратын оқылуды қамтамасыз етуі керек.

2023 жылғы 14 қарашада «Толысылған шарап (шарап материалын) және сыра қайнату өнімдерін қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ есепке алу-бақылау маркаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 143 бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Өзгерістер алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив