СҚО полицейлерінің арнайы даярлығын 20 тәжірибелі офицер жетілдіріп келеді

СҚО полицейлерінің арнайы даярлығын 20 тәжірибелі офицер жетілдіріп келеді

Полиция қызметкері шыныққан, дайындығы жоғары, әрқашан кез-келген жағдайда жылдам әрекет ете білуі тиіс. Қызметкерлердің осыған сай жаттығуларын арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасы қамтамасыз етеді.

СҚО полициясының әрбір қызметкері тирде айына екі рет өтетін сабақтарға қатысады. Қаруды қауіпсіз әрі жауапкершілікпен қолдану – ең басты қағида. Ең алдымен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізіледі. Ал атыс шебінде барлығы нұсқаушының талаптарын сөзсіз орындайды. Жаттығу залында да дәл осындай тәртіп. Ол жерде полицейлер аптасына екі рет дене шынықтырумен және күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiмен айналысады. Тактикалық және арнайы дайындық бойынша сабақтар үнемі өткізіліп тұрады. Күш, ептілік пен төзімділіктен бөлек, кенеттен өзгеретін жағдайларда полицейлерден дұрыс  әрі жылдам шешім қабылдау талап етіледі.

«Басқарма 2016 жылы құрылды, алғашқы құрамға біздің облыстың жауынгерлік және қызметтік даярлығы жоғары үздік қызметкерлер кірді, - дейді СҚО ПД арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы полиция майоры Орал Хамзин. — Қазіргі уақытта бөліністе 10 жылдан астам қызмет өтілі бар 20 офицер қызмет атқарып келеді. Кейін басқарма құрамына дағдарысты жағдайларда әрекет етуді ұйымдастыру тобы және жұмылдыру даярлығы мен азаматтық қорғаныс тобы кірді. Олардың міндетіне ТЖД, ҰҚКД, Ұлттық Ұлан және басқа да қызметтермен бірлесіп, дағдарыстық жағдайларда өзара іс-қимылды пысықтау кіреді».

Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының қызметкерлері кадр саясаты басқармасының психолог мамандарымен де тығыз жұмыс істейді. Командалық рухты нығайтуға бағытталған бірлескен сабақтар өткізіледі. Мәселен, жуырда страйкбол ойыны өткізілді. Қызметкерлер ойын алаңында жауынгерлік тәжірибелерін көрсетуге мүмкіндік алып, топ құрамында әрекет ете білу дағдыларын меңгерді.

Атыс, саптық, дене шынықтыру және кәсіптік даярлық. Бұл – бүгінгі күннің полицейіне қойылатын талаптардың бір бөлігі ғана. Тәртіп сақшыларының дайындығы облыстық полиция департаменті басшылығының тұрақты бақылауында. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

https://polisia.kz/sqo-politsejlerining-arnajy-dayarlyghyn-20-tazhiribeli-ofitser-zhetildirip-keledi/

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив