Сарысу  ауданының полиция бөліміне жаңа бастық тағайындалды

Сарысу ауданының полиция бөліміне жаңа бастық тағайындалды

Бүгін Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің келісімімен Сарысу ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Қуанышбек Серікбайұлы Бекхожаевты жеке құрамға таныстырды.

Қ.С.Бекхожаев 1977 жылы туылған, жоғары құқықтық білімі бар, 1998 жылы  ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген. Жедел қызметтің барлық сатыларынан өткен. Соңғы атқарған қызметі - Жамбыл облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары.

ПД бастығы полиция полковнигі Арман Оразалиев жаңа басшыға өз жұмысында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, заңды мүдделерін қорғау, жергілікті халықпен тығыз байланыс орнату және заңдылық пен құқықтық тәртіпті бұзудың кез келген деректеріне қатысты жедел ден қою міндетін қойды.

 

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

4 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив