Петропавл полицейлері жыл басынан тыныштықты бұзған 1,5 мыңға жуық адамды жауапкершілікке тартты

Петропавл полицейлері жыл басынан тыныштықты бұзған 1,5 мыңға жуық адамды жауапкершілікке тартты

Түнгі уақытта тыныштықты бұзу – Петропавл қаласындағы өзекті тақырыптардың бірі. Шулы отырыстар, жанжалдар мен қатты музыка жұмыстарынан келіп демалып жатқан адамдарға, зейнеткерлер мен балаларға кедергі келтіреді. Көбінесе тәуліктеп жалға берілетін пәтерлерді алушылар мен көпқабатты үйлердің аулаларындағы тыныштықты бұзушылар да басқа тұрғындардың мазасын алады.

Өткен демалыс күндері сағат 03:00 шамасында Бостандық көшесіндегі үйдің тұрғындары полицияға хабарласып, үйлерінің алдында үш жас жігіт жанжалдасып жатқанын айтып шағымданған. Полиция қызметкерлері оқиға орнына келгенде дауласушылардың екеуі мас күйде екенін анықтаған. Олар қоғамдық орында мас күйде болғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 19 жастағы таныстарына тыныштықты бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабы бойынша хаттама толтырылды.

Ал Гоголь көшесіндегі үйлердің бірінің тұрғыны жалдамалы пәтердегі көршілері жанжалдасып жатқандықтан бір түнде полицияны екі рет шақыруға мәжбүр болған. Тәртіп сақшыларының келіп профилактикалық әңігме жүргізуінен жанжалқойлар сабақ алмады. Тек түнгі сағат төртте көршілері екінші рет полиция шақырғанда ғана тынышталды. Бұл жолы тыныштықты бұзушыларға хаттама толтырылды.

«Жұмыс күндері сағат 22.00-ден таңғы сағат 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23.00-ден таңғы сағат 10-ға дейін тыныштықты бұзған жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады, – дейді Петропавл қ. ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бөлімше бастығы полиция майоры Ксения Ищенко. – Бір жыл ішінде аталған құқық бұзушылық қайталанған жағдайда айыппұл мөлшері 10 айлық есептік көрсеткішке дейін өседі. 8 айда қалада тыныштықты бұзудың 1414 фактісі тіркелді. Өткен жылдың осы кезеңінде 1353 құқық бұзушылық анықталды. Облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарынан өзге адамдардың да демалуға құқығы бар екенін ұмытпауларын сұраймыз». 

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив