Полицейлер World Cleanup Day 2023 халықаралық акциясына қатысты

Полицейлер World Cleanup Day 2023 халықаралық акциясына қатысты

Солтүстікқазақстандық полицейлер жыл сайынғы «Халықаралық тазалық күні (World Cleanup Day 2023)» экологиялық акциясына қатысты.

16 қыркүйек күні таңертең облыстық және қалалық полиция аппаратының, учаскелік полиция пункттерінің, қалалық және аудандық полиция бөліністерінің қызметкерлері бекітілген аумақтарын тазалауға шықты. Облыс орталығында елуден астам тәртіп сақшылары басқа мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен бірге Заводская мен Кеншінбаев көшелерінің аралығында Астана көшесін тазалауға аттанды.

Полицейлер бір-екі сағат ішінде бекітілген аумақтарын түскен жапырақтар мен қоқыстан тазартты. Таза ауада өткен сенбілікке кезекшілікке жұмылдырылмаған 1500 астам қызметкерлер мен басшылар қатысты. 20 бірлік техника пайдаланылды.

СҚО ПД тылдық қамтамасыз ету басқармасының бастығы полиция майоры Асхат Жомартов айтып өткендей, сенбілік әр ұжымдағы қызметкерлердің басын қосты. Тұрып жатқан, еңбек етіп жатқан елді мекенді тазалықта ұстау әр адамның мндеті. Полиция қызметкерлері жалпыоблыстық және қалалық сенбіліктерге жиі қатысып тұрады. Сондай-ақ ай сайын әкімшілік ғимараттардың маңындағы аумақтарды тазалап отырады. 

Юрий Клыков

СҚО ПД баспасөз қызметі 

Видео: https://youtu.be/6yyZQuOgovY

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив