Елордада

Елордада "Қару" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде

Жедел жағдайды сауықтыру, атыс қаруын, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды қолдана отырып жасалған қылмыстардың алдын алу, ашу, жолын кесу және тәркілеу, сондай-ақ есірткі құралдарын тәркілеу мақсатында ағымдағы жылдың 5-9 қыркүйегі аралығында елорда аумағында "Қару" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Полицейлер азаматтық қару иелерін, тұрғын алаптарын тексереді.

Мәселен, тәулік ішінде қаруды тіркеу немесе оны есепке қою тәртібін бұзғаны үшін ӘҚБтҚРК 486-бабы бойынша 5 факті, қару айналымы ережелерін бұзғаны үшін ӘҚБтҚРК 484-бабы бойынша 4 факті анықталды.

Іс-шара барысында криминалдық полиция қызметкерлері елорданың 29 жастағы тұрғынының "ИЖ" маркалы қаруды заңсыз сақтау фактісін анықтады. Аталған факті бойынша сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша қарудың екі ұңғылы, тегіс ұңғылы, қолдан жасалған және атуға жарамды атыс қаруы екендігі анықталды.

Астана қаласының Полиция департаменті заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын еске салады. 

Астана қаласы ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив