ӘКІМШІЛІК СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДІҢ ҚАҒИДАТТАРЫ

ӘКІМШІЛІК СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДІҢ ҚАҒИДАТТАРЫ

Әкімшілік әділет-құқықтық мемлекеттің, мемлекеттік басқарудың және әкімшілік құқықтың маңызды атрибуты.

Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі барлық әкімшілік органдармен сақтауға міндетті қағидаттарды бекітеді.

  • Сенім құқығын қорғау қағидаты.

Бұл қағида әкімшілік органның қабылданған әкімшілік актінің заңды және дәйекті екендігінің "кепілі" болып табылады. Әкімшілік орган жіберген кемшілік адамға зиян келтірмеуі тиіс.

Егер белгілі бір адамға (немесе адамдар тобына) қатысты қолайлы әкімшілік акт заңсыз қабылданған болса, егер адресаттың кінәсі болмаса және бұл акт басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін бұзбаса мұндай әкімшілік акт жойылуға жатпайды (жекелеген жағдайларды қоспағанда)

Сот тәжірибесінен мысал: аталған қағидатты қолдану арқылы сот еңбек сіңірген спорт жаттықтырушының құқықтарын қорғады.

Джиу-джитсу ұлттық құрамасының жекпе-жек жүйелері бөліміндегі аға жаттықтырушы Ақтөбе облысының мамандандырылған әкімшілік сотына жүгінді. Оның шәкірті 2018 жылы Жазғы Азия ойындарының джиу-джитсудан қола жүлдегері атанды.

Спорт басқармасы спортшыға 100 АЕК мөлшеріндегі ай сайынғы ақшалай қаражат төлеп, жаттықтырушыға осындай төлемді жүзеге асырудан бас тартқан.

Сот сенім құқығын қорғау қағидатын қолдана отырып, мемлекеттік орган облыс әкімінің қаулысын дұрыс қолданбағанын анықтап, бұл әрекетсіздікті заңсыз деп танып, жаттықтырушыға тиесілі қаражатты төлеуді міндеттеді.

Әділдік қағидатын қолдану тәжірибесіне келетін болсақ, сотпен тұрғын үйге кезектен заңсыз шығарылған жетімнің құқығы қорғалды. Талап қоюшы 2012 жылы мемлекеттік тұрғын үй қорынан жетім балдар санаты бойынша үй алуға кезекке тіркелген болатын. Алайда, 2022 жылы талап қоюшыны кезектен шығарғаны белгілі болған. Соттың шешімімен талап қоюшының кезегі қалпына келтірілді.

  • Мөлшерлестік қағидаты.

Жеке не заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір шектеуді көздейтін шаралар Конституцияда және заңдарда белгіленген мақсаттарға бағытталуға тиіс және мөлшерлес болуға тиіс, яғни өзінің мазмұнын, орнын, уақытын және қамтылатын адамдар тобын ескере отырып, олардың мақсатына жету үшін лайықты, қажетті және мөлшерлі болуы тиіс.

Мөлшерлестік қағидаты әкімшілік органның нақты істі мақсат пен қолданылатын құралдар арасындағы ақылға қонымды арақатынаста қаралуына кепілдік беруге арналған қағида.

  • Формальды талаптарды теріс пайдалануға тыйым салу қағидаты.

Бұл қағида әкімшілік органға адамдарға қосымша формальды талаптарды, оның ішінде нормативтік құқықтық актілерде көзделмеген ұйымішілік ережелерге сәйкес міндеттер жүктеуге немесе оларға қандай да бір құқық беруден бас тартуға тыйым салынатынын білдіреді.

  • Анықтық презумпциясы.

Әкімшілік рәсімді жүзеге асыру кезінде әкімшілік рәсімге қатысушы ұсынған материалдар, объектілер, құжаттар мен мәліметтер әкімшілік орган, лауазымды адам теріс деп белгілемейінше, анық деп есептеледі.

Әкімшілік рәсімге қатысушылар ұсынған құжаттардың және өзге де мәліметтердің төлнұсқалығына күмән болған кезде әкімшілік орган, лауазымды адам дербес және өз есебінен олардың төлнұсқалығын тексеруге міндетті.

  • Құқықтар басымдығының қағидаты.

Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасындағы барлық күмәндар, қайшылықтар мен көмескіліктер әкімшілік рәсімге қатысушының пайдасына түсіндіріледі.

  • Соттың белсенді рөлі

Сот әкімшілік процеске қатысушылардың түсініктемелерімен, арыздарымен, өтінішхаттарымен, олар ұсынған дәлелдермен, дәлелдемелермен және әкімшілік істің өзге де материалдарымен шектеліп қана қоймай, әкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайды жан-жақты, толық және объективті түрде зерттейді.

Сот өз бастамасы немесе әкімшілік процеске қатысушылардың уәжді өтінішхаты бойынша қосымша материалдар мен дәлелдемелерді жинайды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу міндеттерін шешуге бағытталған өзге де әрекеттерді орындайды.

  • Әкімшілік қалауды жүзеге асыру шектері.

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі әкімшілік қалауды жүзеге асыру тәртібін принцип ретінде белгілейді.

Бұл ретте "әкімшілік қалау" ұғымы заңмен бекітіледі.

Әкімшілік орган, лауазымды адам ҚР заңдарында белгіленген шектерде әкімшілік қалауды жүзеге асыруға міндетті.

Кодексте сот ісін жүргізудің ақылға қонымды мерзімдері белгіленген, сот оларды әкімшілік істің құқықтық және нақты күрделілігін ескере отырып,  айқындайды.

 Әкімшілік сот ісін жүргізудің ақылға қонымды мерзімдері институты Еуропа елдерінде азаматтардың бұзылған және даулы құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтірудің тиімді құралы ретінде сәтті жұмыс істейді.

 ӘРПК жоғарыда аталған қағидаттарды бұзу оның сипаты мен маңыздылығына қарай әкімшілік актті заңсыз деп тануға әкелетінін анықтайды.

 

Ақтөбе облысының мамандандырылған

ауданаралық әкімшілік сотының судьясы                       

Айгүл Абдуллина

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив