GOSAGRO.KZ: Қазақстандық фермерлерге 110 млрд теңге субсидия төленді

GOSAGRO.KZ: Қазақстандық фермерлерге 110 млрд теңге субсидия төленді

Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері gosagro.kz порталы арқылы субсидиялауға 131 227 өтінім берді. 29 811 өтінімді қараудан бас тартылды. 127,8 млрд теңгеге 51 699 өтінім мақұлданып, «күту парағына» орналастырылды. Бұл өтінімдерді жүйе толығымен өңдеп, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармалары қазынашылық жүйесі арқылы төлейді. Бүгінгі таңда фермерлерге шамамен 110 млрд теңге төленді.

Қолданыстағы пайыздық мөлшерлемені субсидиялау шарттары бойынша 47 млрд теңгеге өтінім мақұлданды, бүгінде оның 41,4 млрд теңгесі төленді. 

Жалпы, былтырғы жылғы қарыздарды ескере отырып, СБМАЖ жүйесі арқылы 184,4 млрд теңге төленді.

Пайыздық мөлшерлемені субсидиялаудың жаңа ұсыныстары бойынша 256,3 млрд теңгеге 12 490 өтінім берілді. Ауыл шаруашылығы басқармаларымен мақұлданып, 64,7 млрд теңге сомасын құрайтын 3 014 өтінім резервке жіберілді.

Осылайша, Ауыл шаруашылығы басқармаларының бірыңғай резервіне 103,5 млрд теңгеге 4 936 өтінім мөлшерінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша ұсыныстар енгізілді. Ережеге сәйкес бұл ұсыныстарға қол қаражаттың түсуіне қарай шарт жасалған соң қойылатын болады. Келісілу мен қол қою сатысында резервтен 2 317 шарт бар. 1 355 шартқа қол қойылды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда СБМАЖ-ға 55 389 пайдаланушы тіркелген.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив