Тыңайтқыштарды сатып алуды субсидиялау аясында фермерлерге 7,5 млрд теңге төленді

Тыңайтқыштарды сатып алуды субсидиялау аясында фермерлерге 7,5 млрд теңге төленді

Қазақстандық фермерлер бүгінгі күнге дейін тыңайтқыштарды субсидиялауға 13 251 өтінім берді. Өңірлердің Ауыл шаруашылығы басқармаларында 9027 өтінім бар, 2040 өтініш қабылданбады, ал 7,5 млрд теңге сомасына 2184 өтінім мақұлданды және тиісті сома төленді.

Айта кетейік, бұған дейін gosagro.kz порталында өтінімдердің үштен бірі қабылданбады. Мемлекеттік қолдаудан бас тартудың негізгі себебі бекітілген субсидиялау қағидаларына сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген агрохимиялық картограммалардың болмауы, сондай-ақ алқаптарды  цифрландырудағы қиындықтар болды. Солтүстік аймақтармен салыстырғанда оңтүстікте шағын егістіктері бар фермерлер басым.

Бұл мәселені шешу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі 2023 жылғы 25 сәуірде жоғарыда аталған Қағидаларға агрохимиялық картограммаларды пайдалану жөніндегі талапты алып тастау бойынша түзетулерді бекітті, сондай-ақ 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін «Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» АҚ арқылы егістіктерді цифрландыруды кейінге қалдыруды енгізілді.

Белгіленген мерзімге дейін фермерлер осы егістіктерді құқық белгілейтін құжаттарға сәйкес міндетті түрде түзетуі қажет екенін атап өткен жөн. Тиісті кестені АШМ «Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» АҚ-мен бірлесіп дайындап жатыр.

Сондай-ақ, субсидияларды алуға облыс әкімдіктерінің тыңайтқыштарды субсидиялау тізбелері мен нормалары туралы тиісті қаулыларының болмауы кедергі болды. Жергілікті атқарушы органдар нормативтерді тек наурыз айынан бастап, мамырға дейін бекіте бастады. Атап айтқанда, Атырау облысында қаулы осы күнге дейін қабылданған жоқ. Өңірлік әкімдіктің ақпараты бойынша құжат жақын арада бекітілетін болады.

Жалпы, тыңайтқыштарды субсидиялауға өтінімдерді беру gosagro.kz порталы арқылы толық автоматтандырылған, деректерді «қолмен» енгізуге жол бермейді. Бұл мемлекеттік қолдау алу кезінде адами факторды болдырмайды, яғни бюджет қаражатын тиімді және ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

  1. аватар
    Maynard 23 августа 2023 02:53

    I absolutely love your website.. Pleasant colors &
    theme. Did you build this site yourself? Please reply
    back as I'm looking to create my very own blog and would love to know where you got this from or just what the theme is named.
    Appreciate it!

    my web-site :: gastrogard sur ordonnance

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив