Ішкі істер министрінің орынбасары Петропавлда тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша цифрлық жобаларды талқылады

Ішкі істер министрінің орынбасары Петропавлда тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша цифрлық жобаларды талқылады

(видео: https://youtu.be/89j1Hi2XqNY ) 

Ішкі істер министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Сәкен Сәрсенов Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің өкілдерімен кездесті.

Цифрландыру, білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік басқармалары - облыстық әкімдік өкілдерінен басқа кездесуге СҚО полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов, облыстық полиция ведомствосының жетекші басқармаларының басшылары қатысты.

СҚО ПД ақпараттандыру және байланыс басқармасының бастығы полиция полковнигі Алексей Дементьев Солтүстік Қазақстан полициясында цифрландырудың жай-күйі туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, СҚО әкімдігінің цифрландыру басқармасының бастығы Азамат Байтеміров осы саладағы жобалардың іске асырылуы мен жұмыс перспективалары туралы хабардар етті.

Сәкен Сәрсенов ірі сауда үйлерінің кіре беріс топтарында және жалпы орындарында орнатылған бейнебақылау камераларынан бейнені тікелей — қалалық полицияның жедел басқару орталығына шығару мәселесін егжей-тегжейлі қарастыруды ұсынды. Кездесудің барлық қатысушылары осы объектілерге кіре берістерді бейнебақылау құқықтық тәртіпті нығайтуға және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қолғабыс ететіндігін тілге тиек етті.  Негізгі ой: камералар неғұрлым көп болса, алдын-алу жұмыстары соғұрлым көп болады; демек қылмыстарды ашу коэффициенті соғұрлым жоғарылайды. 

Ішкі істер министрінің орынбасары СҚО ПД басшылығына "Киберпол" бөлімшесі қызметкерлерінің теориялық дайындығын нығайтуды, киілетін бейнетіркеуіштерді тиімді пайдалану жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды. Сондай-ақ, жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды тіркеудің зияткерлік жүйелерін енгізу бойынша жұмысты жалғастыруды көздеді. Сәкен Сәрсенов ең бастысы: жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздіктің тиісті деңгейі сақталуы екендігін атап өтті.

Кездесу соңында ішкі істер министрінің орынбасары әкімдік өкілдеріне ішкі істер органдарымен сындарлы өзара іс-қимыл жасағаны үшін алғысын білдірді. Цифрлық технологиялардың көмегімен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар өңірдің тұрғындары мен қонақтарының игілігі үшін бірауыздан әрі қарай жұмыс істеу жеткілікті және қажет екендігі атап өтілді.  

Юрий Клыков

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

  1. аватар
    Kim 9 сентября 2023 04:48

    With havin so much content do you ever run into any issues of plagorism
    or copyright violation? My blog has a lot of unique content I've either written myself or outsourced but it appears a lot of it
    is popping it up all over the internet without my authorization. Do you know any ways to help stop content from being
    stolen? I'd definitely appreciate it.

    Also visit my website - aceon recomendado por profesionales de la salud en Perú

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив