Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Бизнеске жол» жобасынжүзеге асыруда. Жоба мақсаты–әкімшілік кедергілерді жою, мемлекеттік органдардың заңсыз араласуынан кәсіпкерлікті қорғау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болып табылады.

Бұған дейін, сәуір айында, көппәтерлі үйді су желілеріне қосу, бизнеске жер бөлу кезіндегі әкімшілік кедергілерді жою, жер қойнауын пайдаланушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жұмысымыздың аралық нәтижелері жөнінде ақпарат берген болатынбыз.

Бүгін біз бизнес-қауымдастықтың назарына,аталған бағыттағы жұмыстың одан әрі жалғасатындығын жеткізгіміз келеді. Бұл ретте,басты назарөңірдегі кәсіпкерліктің дамуын тежейтін жүйелі кедергілерді анықтауға және жоюға бағытталған.

Жобаның іске қосылған уақытынан бастап Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен 98 кәсіпкердің құқығы қорғалды.

Қалыптасқан тәжірибемізге сүйенсек, өңірдегі кәсіпкерліктің негізгі проблемалары -жер қатынастары, инфрақұрылым, мемлекеттік сатып алу және салық салу салаларымен байланысты.

Егер бизнесті ынталандыру мәселелеріне тоқталатын болсақ, тұрақты инвестициялық ахуал –өңір тартымдылының құрамдас бөлігі болып табылады. Біз шетелдік компаниялардың тіркелуіне мониторинг жүргіздік, өз кезегінде,атқарылған жұмыс инвесторлардың Қазақстан Республикасы нарығынан кетіп қалу қаупін төмендетуге мүмкіндік берді.

Жүргізілген жұмыс барысында,мемлекеттік кірістер органдарыменбизнес визаның болмауына байланысты,
38
кәсіпорынның тіркелуін жарамсыз деп тану жөнінде талап-арыз қозғағанын анықтадық.

Алайда, электрондық үкімет порталы арқылы заңды тұлғаны тіркеу барысында аталған құжат талап етілмейді. Осылайша, Қазақстан Республикасының аумағына кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға келген шетелдіктер - қолданыстағы заңнамада белгіленген талаптар жөнінде хабарсыз.

Қалыптасқан жағдайда, салық заңнамасы талаптарын толыққанды әрі адал орындап жүрген ұйымдар - «заңсыз кәсіпкерлікпен айналысушы» ретінде танылады.

Аталған сұрақ аясында, шетелдік компаниялардыңтіркелуін жарамсыз деп тану жөніндегі басқарма шешімінің негізділігінталдаутуралы ұсынымдар беріліп, нәтижесінде 100 млн. теңгеден астамсалық төлеген 2 заңды тұлғаға(«ЕвроСпецТехПром» ЖШС, «Ақтөбе Хюмик» ЖШС)қатысты талап-арыз кері қайтарылды. Сот тәжірибесін зерделеу жұмыстары одан әрі жалғасуда.

Сондай-ақ, Департамент ұсынымдарына сәйкес, негізсіз есептелген салықтарды алып тастау тәжірибесі де бар.

Мысалы,мемлекеттік кірістер органдарымен «Тәжідаев» жеке кәсіпкеріне 265 мың. теңге сомасындағы салықтық міндеттемелер жүктелгені анықталды. Алайда, кәсіпкерге тиесілі салық салу объектісі есептен шығарылған.

Осыған байланысты, Департаментұсыныстарының негізінде мемлекеттік кірістер органдары негізсіз төлемдерді жою жөніндегі шаралар қабылдады.

Бұған дейін аталғандай, инженерлік желіге қолжетімділікті қамтамасыз ету туралы шешім қабылдау ашықтығының болмауы –мемлекеттік органдарға қатысты бизнестің заңды сынынтудырады.

Мысалы, Ақтөбе қаласы кәсіпкерлерінің ұжымдық арызына сәйкес, коммерциялық орындарды электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселелері оң шешімін тапты.

Анықталғандай, Оңтүстік-Батыс ауданындағы 45 кәсіпкер «Ақтөбе-Су Энерджи групп» Акционерлік қоғамына тиесілі магистральдық желілерге қосулы болған.

Жыл басында, электр энергиясын тұтынушылар желіден ажыратып тастау жөніндегі хабарламалар алған. Бұл жағдай, кәсіпкерлергеөз қаражаты есебіненжаңа желі салусындыауыртпалық әкелетін еді.

Мәселені зерделеу барысында, қолданыстағы желілердің қуаты - кәсіпкерлік субъектілерінің сұранысын толық қанағаттандыра алатындығы анықталды. Сонымен қатар, бұған дейінкоммуналдық компания коммерциялық нысандарды магистральдық желіге қосу жөніндегі техникалық шарттарғакелісім берген.

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде, Департаменттің электр желісінен ажырату жөніндегі шешімді қайта қарау жөніндегі ұсынысы толығымен орындалды.

Дәл осындай мәселе, «Қазақстан темір жолының» Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясы желісіне қосылған«Куккузов» жеке кәсіпкеріне де қатысты орын алған.

Жасыратыны жоқ, мемлекеттік сатып алурәсімдері –тендер нәтижесіне әсер ететін әкімшілік кедергілер менсыбайлас жемқорлық тәуекелдеріменұштасады. Әлеуетті жеткізушіні әділ іріктеу қағидаттарын бұзу – кейбір тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсету тәуекелдеріне алып келеді.

Жыл басынан бері, біз мемлекеттік сатып алу мониторингінің нәтижесі бойынша мемлекеттік органдарменшығындарды430 млн. теңгеден астам сомағажоспарлау фактілерінің алдын алдық.

Сонымен қатар, мониторинг нәтижелері бойынша,өрескел бұзушылықтармен өткізілген конкурстарды болдырмау шараларын қабылдадық.

Мысалы, Қарабұтақ орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі 2 млн. теңгеден астам сомағамотор майын сатып алу барысында, жоқ тауар сипаттамасын көрсеткен.

Басқа жағдайда, Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы 17 млн. теңгеден астам сомаға вакцина сатып алуды жүзеге асыру барысындаадал бәсекелестік қағидаттарын бұзған. Тапсырыс беруші тауардың техникалық сипаттамаларында вакцинаның тек ұнтақтүрін көрсеткен. Ал ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларының тізілімінде вакциналардың сұйық және суспензия түрлері де қарастырылған.

Басқаша айтқанда, мемлекеттік орган қойған талаптар - іс жүзінде басқа әлеуетті өнім берушілердің сатып алуға қатысу құқықтарын шектеген.

Департамент ұсыныстарына сәйкес, техникалық ерекшеліктерге бірін-біре алмастыра алатын тауар түрлері енгізілді.

Жобаныжүзегежұмыстары одан әрі жалғасатын болады. Мемлекеттік органдар тарапынан жасанды кедергілер немесе кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу фактілері орын алған жағдайда біз толыққанды шаралар қабылдайтын боламыз.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша кәсіпкерлер облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне немесе Агенттіктің 1424нөмірі бойынша байланыс-орталығына хабарласа алады.

Саламатов Есқали Аманкелдіұлы
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив