Маңғыстауда жыл басынан бері 1,2 млрд. теңге мемлекет қаржысы үнемделді

Маңғыстауда жыл басынан бері 1,2 млрд. теңге мемлекет қаржысы үнемделді

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы бойынша департаменті сатып алынатын тауарлар мен қызмет түрлері құнының нарық бағасынан жоғары болмауын бақылауда. Нәтижесінде жыл басынан бері 1,2 млрд. теңге көлеміндегі мемлекет қаржысы үнемделді.

«Өңірде мемлекеттік сатып алуларды тиімсіз жоспарлайтын мекемелер бар. Бір ғана мысал, Түпқараған аудандық білім бөліміне қарасты мемлекеттік балабақшалардың бірі 32,1 млн. теңгеге 3 дана принтер сатып алуды жоспарлаған. Яғни, принтердің бір данасын 10,7 млн.теңгеден сатып алуды көздеген. Алайда, жоғарыда көрсетілген тауардың нарықтағы құны 100 мың теңгені құрайтыны анықталды. Департаментпен енгізілген ұсыным хаттың негізінде мемлекеттік сатып алу жоспары қайта қаралып, 31 млн. теңге қаражат үнемделді», деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Біржан Хайруллин.

Айта кетейік, мемлекеттік органдар мен мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алатын тауар немесе қызметтерінің бағаларына мониторинг мемлекеттік сатып алудың жоспарлау сатысында және нарықтық көрсеткіштермен салыстыру арқылы жүргізіледі.

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив