Ақмола облысында кәсіпорын шойын арматурасын нарықтағы бағадан 17 есе қымбатқа сатып алмақ болған

Ақмола облысында кәсіпорын шойын арматурасын нарықтағы бағадан 17 есе қымбатқа сатып алмақ болған

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылау мақсатында Бірыңғай сатып алу терезесі арқылы мемлекеттік сатып алу жүйесіне мониторинг жүргізді.

Мониторинг өңірдің бірқатар мемлекеттік органдар және квазимемлекеттік секторының ұйымдарында жоспарланған тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге бағаны көтеру фактілерін көрсетті.

Атап айтқанда, «Кокшетау жылу» мемлекеттік кәсіпорны жалпы сомасы 9 629 984 теңгеге немесе бір данасы үшін 1456 теңгеге металл дәнекерлеу электродтарын сатып алуды жоспарлағаны анықталды, ал осы тауардың орташа нарықтық бағасы 549 теңгені құрайды. Департаменттің ұсыныс хатынан кейін ұйым жоспарланған сатып алудың оңтайлы бағасын белгіледі. Осылайша 6 000 000-ге жуық теңге үнемделді.

Өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының ұсынысы бойынша Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің жанындағы «Степногорск-водоканал» кәсіпорнында шойыннан жасалған құбыр арматурасының құнын төмендету жолымен шамамен 7 000 000 теңге үнемделді. Шойын ысырмаларды сатып алу бастапқыда бір тауар үшін 1 470 000 сомасына жоспарланған болатын, алайда, медиандық баға бір данасы 85 000 теңгені құрайды.

Сонымен қатар, Департамент жүргізген мемлекеттік сатып алу мониторингінің нәтижесінде Атбасар ауданының әкімдігі бюджет қаражатын тиімді жұмсау және үнемдеу режимін күшейту мақсатында 950 мың теңгеге жуық сомаға кеңсе жиһазын сатып алуға тыйым салынды.

Жыл басынан бері облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі енгізген ұсынымдардан кейін жоспарланған мемлекеттік сатып алуларға жоғары бағаларды төмендету арқылы 350 млн бюджеттік теңге үнемделді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив