ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК  КЕШЕН САЛАСЫНА ЦИФРЛЫҚ  ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОЙДАҒЫДАЙ ЕНГІЗУДЕ

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН САЛАСЫНА ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОЙДАҒЫДАЙ ЕНГІЗУДЕ

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз-конференциясында  Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов «Қостанай облысы еліміздегі астықтың жалпы көлемінен 22% өндіреді. Сондықтан облысымыз «Цифрлық  Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын  іске асыру шеңберінде  ауыл шаруашылығын цифрландыру бойынша «Пилоттық жоба» ретінде белгіленді» - деп мәлімдеді.

Архимед Мұхамбетов журналистердің назарын Ақылды сүт, ет фермаларына, нүктелі егін шаруашылығы жүйелеріне аударды.

«Ақылды ет фермасы» жобасы  «Қостанай облысының ет кластері» жобасының операторы болып табылатын ірі және технологиялық жағынан дайындалған «Терра» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі фермасының базасында жүзеге асырылуда. Жалпы саны шамамен 9 мың ірі қара мал басын құрайды. Қазіргі кезде шаруашылықта цифрландырудың келесі элементтері енгізілген: RFID (Ерефайди) құлақ биркілерін орнату, азықтандыруды бақылау  жүйесі, тиімсіз жануарларды анықтап шығару,  ұшқышсыз ұшу аппараты.  Экономикалық тиімділігі – бір жылда 122 тонна қосымша ет алу және жемнің 10% үнемдеу.

«Ақылды сүт фермасы» жобасы «Олжа Садчиковское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 770 сауын сиыры табынына арналған мал шаруашылығы кешені базасында іске асырылуда. Ағымдағы жылғы сәуірде ірі қара малдың физиологиялық жай-күйлері мен PH-ортасын, аналық мал басының уақтылы ұрықтандырылуын және оның өнімділігін қадағалап отыруға мүмкіндік беретін «СМАКСТЕК» (Smaxtec) австриялық автоматтандырылған жүйесі енгізілді. Аталған іс-шаралардың тиімділігін біз жыл қорытындысы бойынша  бір сауын сиырынан сауылатын сүттің 6-дан 7 тоннаға дейін ұлғайғандығынан және 100 аналықтан төл алудың  70-тен 90-ға дейін ұлғайғандығынан көріп отырмыз.

«Нақты егін шаруашылығы жүйесін енгізу» жобасы екі «пилоттық» кәсіпорнында («Садчиковское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және  «Трояна» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі)  енгізілуде.  Тәжірибелік алқаптарының картограммасы жасалды, оларда егіс кезінде минералдық тыңайтқыштар сараланып енгізілді және тұқым себу жүзеге асырылды.

Қосарлас жүргізу технологияларын енгізу жөніндегі техника паркі жаңғыртылды, жанар-жағар майды есепке алатын және техниканы орнынан ауыстыру есебін жүргізетін датчиктер орнатылды. Егін шығымдылығының, ылғалдылығының, дән бастырудың онлайн мониторингі жүйесі енгізіле отырып, егін жинау техникасы қайта жарақтандырылды.

Қосымша, облыста жануарларды чиптеу және электрондық эпизоотиялық карталарын жасау технологиялары енгізілуде.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

2 пікір

  1. аватар
    Jeannie 12 января 2024 03:11

    Thanks for the good writeup. It in truth was once a enjoyment account it.

    Glance complex to more delivered agreeable from you!

    By the way, how can we keep up a correspondence?


    my web-site; Elizabeth

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив