Төлем құжаттарындағы БСН/ЖСН, ТТК түзету туралы

Төлем құжаттарындағы БСН/ЖСН, ТТК түзету туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 28.02.2018 жылғы № 306 бұйрығымен бекітілген Дербес шоттарды жүргізу қағидаларының 73-тармағында бюджетке түскен салықтар мен төлемдердің сомаларын есепке алу дербес шоттарда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган ұсынған төлем құжаттарының негізінде жүргізілетіні көзделген. Бұл ретте бюджетке түскен салықтар мен төлемдердің сомалары салық төлеушінің БСН немесе ЖСН белгісі және бюджет кірістерін сыныптау кодтары бойынша дербес шоттарда автоматты түрде көрсетіледі.

Төлемдерді негізсіз түзету және бюджеттен ақшалай қаражатты қайтару фактілерін болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 03.04.2023 ж. салық төлеушінің БСН/ЖСН төлем құжаттарында өзгерту мүмкіндігін болғызбауға бағытталған ТБО АЖ-да шаралар жүргізді.

Төлем құжаттарының дұрыс көрсетілмеуі келесі жағдайларда пайда болады:

- жеке сот орындаушылары төлемді тағайындауда ЖСН/БСН толық көрсетілмеген (көрсетілмеген) кезде, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ және өзге де ұйымдар мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алынған сомаларды аудару кезінде төлем төлеушіге таратылады;

- инкассалық тапсырмалар бойынша дебиторлардан берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу кезінде төлемді тағайындауда ЖСН/БСН толық көрсетілмеген (көрсетілмеген) кезде төлем төлеушіге (дебиторға) таратылады;

- жауапкердің ЖСН/БСН көрсеткен кезде, мемлекеттік бажды және өзге де төлемдерді төлеген кезде "төлем мақсаты" жолында жазылған ЖСН/БСН-ға сома таратылады, сондықтан төлем мақсатында ЖСН/БСН жазуға болмайды;

- банктер төлем тағайындауда жеке тұлғаның ЖСН-ін деректемелердің (Мемлекеттік кіріс органдары қайтарған) сәйкес келмеуіне байланысты өтініште көрсетілген шотқа есептелмеген салық сомаларын қайтаруға арналған төлем тапсырмасында көрсетпеген жағдайда төлем банктің БСН-не таратылады.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, салық төлемдерін аудару үшін төлем құжаттарын толтыру кезінде «Төлемнің мақсаты» жолындағы мәліметтерді дұрыс толтыру қажет екенін хабарлаймыз.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив